Samsung ML-216x Laser Printer series - User manual

Сымсыз желіні орнату
142
2. Желіге қосылған машинаны пайдалану
3
SyncThru™ Web Service веб-торабының жоғарғы оң жағындағы
Вход в систему түймесін басыңыз.
4
Идентификатор мен Пароль енгізіп, Вход в систему түймесін
басыңыз.
Идентификатор: admin
Пароль: sec00000
5
SyncThru™ Web Service терезесі ашылғанда Параметры сети
тармағын таңдаңыз.
6
Беспроводной > С помощью мастера тармағына өтіңіз.
С помощью мастера сымсыз желі теңшелімін теңшеуге
көмектеседі. Бірақ, сымсыз желіні тікелей теңшегіңіз келсе, Другая
параметрін таңдаңыз.
7
Тізімде бір Сетевое имя (SSID) таңдаңыз.
SSID: SSID – сымсыз желіні білдіретін атау, белгілі бір
сымсыз желіге қатынасуға əрекет жасайтын қатынас
орындары жəне сымсыз құрылғылар бірдей SSID атауын
пайдалануы керек. SSID регистрді ескереді.
Режим работы: Режим работы сымсыз қосылымдардың
түрін білдіреді (114-беттегі "Сымсыз желі атауы жəне желі
кілті" бөлімін қараңыз).
- Ad-hoc: Сымсыз құрылғыларға бір бірімен тең рангілі
ортада тікеле
й байланысуға мүмкіндік береді.
- Инфраструктура: Сымсыз құрылғыларға бір бірімен
қатынас орны арқылы байланысуға мүмкіндік береді.
Егер желінің Режим работы Инфраструктура болса, қатынас
орнының SSID атауын таңдаңыз. Егер Режим работы Ad-hoc
болса, құрылғының SSID атауын таңдаңыз. «Portthru» құрылғының
əдепкі SSID атауы екенін ескеріңіз.
8
Далее түймесін басыңыз.
Егер сымсыз қауіпсіздік параметрлері терезесі шықса, тіркелген
құпия сөзді (желілік кілт) енгізіп, Далее түймесін басыңыз.
9
Растау терезесі шығады. Сымсыз желі теңшелімін тексеріңіз.
Теңшелім дұрыс болса, Применить түймесін басыңыз.
Желілік кабельді (стандартты немесе желілік) ажыратыңыз. Содан
кейін құрылғы желімен сымсыз байланысуды бастауы керек. Ad-
hoc режимінде болған жағдайда, сымсыз LAN жəне сымды LAN
желілерін бір уақытта пайдалануға болады.