Samsung ML-216x Laser Printer series - User manual

Сымсыз желіні орнату
143
2. Желіге қосылған машинаны пайдалану
19
Wi-Fi желісін қосу/өшіру
Егер машинада дисплей бар болса, сонымен бірге, Wi-Fi желісін
құрылғының басқару тақтасынан, Сеть мəзірін пайдаланып қоса/
өшіре аласыз.
1
Желілік кабель құрылғыға қосылғанын тексеріңіз. Қосылмаған
болса, құрылғыны стандартты желілік кабельмен қосыңыз.
2
Internet Explorer, Safari немесе Firefox сияқты веб-шолғышты
іске қосыңыз жəне шолғыш терезесіне құрылғының жаңа IP
мекенжайын енгізіңіз.
Мысалы,
3
SyncThru™ Web Service веб-торабының жоғарғы оң жағындағы
Вход в систему түймесін басыңыз.
4
Идентификатор мен Пароль енгізіп, Вход в систему түймесін
басыңыз.
Идентификатор: admin
Пароль: sec00000
5
SyncThru™ Web Service терезесі ашылғанда Параметры сети
тармағын таңдаңыз.
6
Беспроводной > Другая тармағына өтіңіз.
Wi-Fi желісін қосуға/өшіруге болады.
20
Wi-Fi Direct протоколын ұшқыр басып шығару
үшін реттеу
Wi-Fi Direct – принтер мен ұялы құрылғы үшін оңай орнатылатын тең
рангілі желіге қосылу əдісі, ол қауіпсіз қосылымды жəне ad hoc
режимінен жақсырақ өткізу қабілетін қамтамасыз етеді.
Wi-Fi Direct арқылы сіз қатынасу нүктесіне қосылған кезде принтерді
бір уақытта Wi-Fi Direct желісіне қоса аласыз, сонымен қоса сіз сымды
желіні жəне Wi-Fi Direct желісін бір уақытта пайдалана аласыз,
осылайша бірнеше пайдаланушы Wi-Fi Direct жəне сымды желілерінен
құжаттарға қатынаса жəне басып шығара алады.
Принтердің Wi-Fi Direct желісі арқылы интернетке қосыла
алмайсыз.
Қолдау көрсетілетін протоколдар тізімі моделіңізден басқаша
болуы мүмкін, Wi-Fi Direct желілері IPv6 протоколын, желіні
сүзуді, IPSec, WINS жəне SLP қызметтерін қолдамайды.