Samsung ML-216x Laser Printer series - User manual
168
3. Арнайы мүмкіндіктер
Linux жүйесінде басып шығару
Модельдерге немесе параметрлерге байланысты кейбір
функциялар қолжетімді емес болуы мүмкін. Бұл мүмкіндіктерге
қолдау көрсетілмейтінін білдіреді.
13
Бағдарламалардан басып шығару
Linux қолданбаларының көбі CUPS (Common UNIX Printing System)
жүйесі көмегімен басып шығаруға мүмкіндік береді. Осы
қолданбалардың кез келгені арқылы осы құрылғыдан басып шығаруға
болады.
1
Бағдарламаны ашып File мəзірінде Print басып шығару
пəрменін таңдаңыз.
2
Тікелей жылдам басып шығару құрылғысын пайдаланып, Print
пəрменін таңдаңыз.
3
LPR GUI терезесінде, принтерлер тізімінен құрылғы үлгісінің
атын таңдап, Properties түймесін басыңыз.
4
Терезенің жоғарғы жағында көрсетілетін келесі төрт қойындыны
пайдаланып басып шығару тапсырмасының сипаттарын
өзгертіңіз.
• General: Қағаз өлшемін, қағаз түрін жəне құжаттардың
бағдарын өзгертеді. Ол екіжақты басып шығару мүмкіндігін
қосады, басында жəне соңында жарияламаларды қосады
жəне əр парақтағы беттердің санын өзгертеді.
Модельдерге байланысты автоматты/қолмен екі жақты басып
шығару қол жетімді емес болуы мүмкін. Оның орнына lpr басып
шығару жүйесін немесе тақ-жұп басып шығаруға арналған басқа
бағдарламаларды пайдалана аласыз.
• Text: Бет шеттерін көрсетеді жəне аралық немесе бағандар
сияқты мəтін параметрлерін орнатады.
• Graphics: Сурет файлдарын басып шығарғанда
пайдаланылатын түс параметрлері, сурет өлшемі немесе
суреттің күйі сияқты сурет параметрлерін орнатады.
• Advanced: Басып шығару ажыратымдылығын, қағаздың
көзін жəне тағайындалған орнын орнатады.
5
Өзгертулерді қолдану үшін Apply түймесін басыңыз жəне
Properties терезесін жабыңыз.
6
Басып шығаруды бастау үшін LPR GUI терезесінде OK түймесін
басыңыз.
7
Басып шығару тапсырмасының күйін бақылауға мүмкіндік
беретін «Басып шығару» терезесі шығады.
Ағымдағы тапсырманы доғару ұшін Cancel түймесін басыңыз.