Samsung ML-216x Laser Printer series - User manual
Linux жүйесінде басып шығару
169
3. Арнайы мүмкіндіктер
14
Файлдарды басып шығару
CUPS серверін пайдаланып тікелей пəрмені жолы интерфейсінен
машинада файлдардың көп түрлерін басып шығара аласыз. CUPS lpr
қызметтік бағдарламасы мұны істеуге мүмкіндік береді, бірақ драйвер
бумасы стандартты lpr құралын түсініктірек LPR GUI бағдарламасымен
ауыстырады.
Кез келген құжат файлын басып шығару үшін:
1
Linux shell пəрмен жолында lpr <file_name> дегенді енгізіп, Enter
пернесін басыңыз. LPR GUI терезесі шығады.
Тек lpr сөзін енгізіп, Enter түймесін бассаңыз, алдымен Select
file(s) to print терезесі шығады. Жай басып шығару керек
файлдарды таңдаңыз жəне Open түймесін басыңыз.
2
LPR GUI терезесіндегі тізімнен құрылғыңызды таңдап, баспа
тапсырмасының сипаттарын өзгертіңіз.
3
Басып шығаруды бастау үшін OK түймесін басыңыз.
15
Принтер сипаттарының параметрлерін реттеу
Printers configuration ішіндегі Printer Properties терезесін
пайдаланып, құрылғының принтер функцияларының түрлі сипаттарын
өзгертуге болады.
1
Unified Driver Configurator тармағын ашыңыз.
Қажет болса, Printers configuration бөліміне ауысыңыз.
2
Бар болған принтерлер тізімінен құрылғыңызды таңдап,
Properties түймесін басыңыз.
3
Printer Properties терезесі шығады.
Терезенің жоғарғы жағында келесі бес қойынды көрсетіледі.
• General: Принтердің орнын жəне атауын өзгертуге мүмкіндік
береді. Бұл қойындыда енгізілген атау Printers
configuration ішіндегі принтерлер тізімінде көрсетіледі.
• Connection: Басқа портты қарауға немесе таңдауға
мүмкіндік береді. Егер пайдаланып жатқанда құрылғының
портын USB-ден параллель немесе керісінше өзгертсеңіз,
құрылғының портын осы қойындыда қайта теңшеңіз.
• Driver: Басқа машина драйверін қарауға немесе таңдауға
мүмкіндік береді. Options тармағын таңдап, əдепкі құрылғы
параметрлерін орнатуға болады.