Samsung ML-216x Laser Printer series - User manual
Unix жүйесінде басып шығару
172
3. Арнайы мүмкіндіктер
• Orientation: Ақпараттың бетте қай бағытта басып шығарылатынын
таңдаңыз.
• Duplex: Қағазды үнемдеу үшін қағаздың екі бетінде де басып
шығарыңыз.
Модельдерге байланысты автоматты/қолмен екі жақты басып
шығару қол жетімді емес болуы мүмкін. Оның орнына lpr басып
шығару жүйесін немесе тақ-жұп басып шығаруға арналған басқа
бағдарламаларды пайдалана аласыз.
• Multiple pages: Қағаздың бір жағында бірнеше бетті басып
шығарыңыз.
• Page Border: Жиек мəнерлерінің кез келгенін таңдаңыз (мысалы,
Single-line hairline, Double-line hairline)
Image қойыншасы
Бұл қойыншада құжаттың жарықтығын, ажыратымдылығын немесе
суреттің күйін өзгерте аласыз.
Text қойыншасы
Нақты басып шығарылатын құжаттың таңбалардың арасын, жол
аралығын немесе бағандарын орнатыңыз.
HPGL/2 қойыншасы
• Use only black pen: Бүкіл сызбалықтарды қара түспен басып
шығару.
• Fit plot to page: Бүкіл сызбалықты бір бетке қиыстыру.
Margins қойыншасы
• Use Margins: Құжаттың шеттерін орнатыңыз. Əдепкі бойынша,
шеттер қосылмайды. Пайдаланушы шет параметрлерін сəйкес
өрістердегі мəндерді өзгерту арқылы өзгерте алады. Əдепкі
бойынша бұл мəндер таңдалған бет өлшеміне байланысты.
• Unit: Бірліктерді нүктелерге, дюймдерге немесе сантиметрлерге
өзгертеді.
Printer-Specific Settings қойыншасы
Əр түрлі параметрлерді теңшеу үшін JCL жəне General
жақтауларындағы əр түрлі параметрлерді өзгертіңіз. Бұл параметрлер
нақты принтерге жəне PPD файлына байланысты.