Samsung ML-216x Laser Printer series - User manual

192
5. Ақаулықтарды жою
Қағазды беру қателері
Күйі Ұсынылатын шешімдер
Басып шығару кезіндегі қағаз
кептелістері.
Қағаз кептелісін тазалаңыз.
Қағаз бір біріне жабысып қалады. Науаның ең көп қағаз сыйымдылығын тексеріңіз.
Дұрыс қағаз түрін пайдаланып жатқаныңызды тексеріңіз.
Қағазды науадан шығарыңыз жəне бүгіңіз немесе желдетіңіз.
Жоғары ылғалдылық жағдайлары кейбір қағаздың бір-біріне жабысып қалуына себеп болуы мүмкін.
Қағаздың бірнеше парағы берілмейді. Науада қағаздың əр түрлі түрлері салынған болуы мүмкін. Тек түрі, өлшемі жəне салмағы бірдей қағазды
салыңыз.
Қағаз құрылғыға берілмейді. Құрылғы ішінен барлық кедергілерді алып тастаңыз.
Қағаз дұрыс салынбаған. Қағазды науадан алып тастап, қайтадан дұрыстап салыңыз.
Науада қағаз тым көп. Науадан артық қағазды алып тастаңыз.
Қағаз тым қалың. Тек машинаның техникалық сипаттамаларына сай қағазды пайдаланыңыз.
Қағаз кептеле береді. Науада қағаз тым көп. Науадан артық қағазды алып тастаңыз. Егер арнайы материалдарда басып
шығарсаңыз, науаға қолмен беріңіз.
Пайдаланылып жатқан қағаз түрі дұрыс емес. Тек машинаның техникалық сипаттамаларына сай қағазды
пайдаланыңыз.
Құрылғы ішінде кір болуы мүмкін. Жоғарғы қақпақты ашып, барлық кірден тазалаңыз.
Конверттер қисық шығады немесе
дұрыс берілмейді.
Конверттердің екі жағында да қағаз бағыттауыштарының болуын қамтамасыз етіңіз.