Samsung ML-216x Laser Printer series - User manual

97
2. Желіге қосылған машинаны пайдалану
Сымды желіні орнату
Желіде желі протоколдарын пайдалану үшін оларды құрылғыға орнату
керек.
Желіні құрылғыдағы сəйкес портқа желі кабелін жалғағаннан кейін
пайдалануыңызға болады.
Басқару тақтасында дисплей экраны жоқ модельдерде SyncThru™
Web Service немесе SetIP бағдарламасын пайдаланыңыз.
- 177-беттегі "SyncThru™ Web Service бағдарламасын
пайдалану" қараңыз.
-97-беттегі "IP мекенжайды орнату" қараңыз.
Басқару тақтасында дисплей экраны бар модельдерде желіні
басқару тақтасында (Меню) түймесін басып, > Сеть тармағына
өту арқылы теңшеңіз.
4
Желі конфигурациясы есебін басып шығару
Машинаның басқару тақтасынан машинаның ағымдағы желілік
параметрлерін көрсететін желі теңшелімі туралы есепті басып
шығара аласыз. Бұл желіні орнатуға көмектеседі.
Машинада дисплей экраны бар.: Басқару тақтасында (Меню)
түймесін басып, Сеть > Конфигур. сети пəрменін таңдаңыз.
(Конфигурация сети) > Иə.
Машинада дисплей экраны жоқ: Басқару тақтасында (Отмена
немесе Стоп/Сброс) түймесін бес секундтан көп басыңыз.
• (Отмена немесе Стоп/Сброс) түймесі жоқ машина: Басқару
тақтасында (WPS) түймесін он секундтан көп басыңыз.
Осы желі теңшелімі туралы есепті пайдаланып, машинаның MAC
мекенжайын жəне IP мекенжайын таба аласыз.
Мысалы:
•MAC мекенжай: 00:15:99:41:A2:78
•IP мекенжай: 165.254.192.192
5
IP мекенжайды орнату
Желі интерфейсін қолдамайтын машина бұл мүмкіндікті
пайдалана алмайды (20-беттегі "Артқы көрінісі" бөлімін
қараңыз).
Бағдарлама TCP/IPv6 қолдамайды.
Алдымен желілік басып шығару мен басқару үшін IP мекенжайын
орнатуыңыз керек. Көп жағдайда жаңа IP мекенжайы желідегі DHCP
(Динамикалық хост конфигурация протоколы) серверіне автоматты
түрде тағайындалады.