Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide
Білген жөн
Құрылғы басып шығармайды.
• Басып шығару кезегі тізімін ашыңыз жəне құжатты
тізімнен алып тастаңыз (56-беттегі "Басып шығару
тапсырмасын болдырмау" бөлімін қараңыз).
• Драйверді жойып, қайта орнатыңыз (32-беттегі
"Драйверді жергілікті орнату" бөлімін қараңыз).
• Құрылғыны Windows жүйесінде əдепкі құрылғы ретінде
таңдаңыз (249-беттегі "Құрылғыны əдепкі құрылғы
ретінде орнату" бөлімін қараңыз).
Керек-жарақтарды немесе шығын
материалдарын қайда сатып алуға
болады?
• Samsung дистрибьюторынан немесе бөлшек
сатушыдан сұраңыз.
• www.samsung.com/supplies торабына кіріңіз. Өнімге
қызмет көрсету туралы ақпаратты қарау үшін елді/
аймақты таңдаңыз.
Көрсеткіш шамы жыпықтайды немесе
тұрақты жанып тұрады.
• Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
• Осы нұсқаулықта көрсеткіш шамның мағыналарын
тексеріңіз жəне ақауларды сəйкесінше жойыңыз (103-
беттегі "Жарық диодты экран күйін түсіну" бөлімін
қараңыз).
Қағаз кептелісі орын алды.
• Сканерлеу құрылғысын ашып, жабыңыз (23-беттегі
"Алдыңғы көрінісі" бөлімін қараңыз).
• Осы нұсқаулықта қағаз кептелісін алып тастау туралы
нұсқауларды қараңыз жəне сəйкесінше ақаулықтарды
жойыңыз (99-беттегі "Қағаз кептелуін кетіру" бөлімін
қараңыз).
Басып шығарылған қағазда дақтар бар.
• Тонер деңгейі төмен немесе біркелкі емес болуы
мүмкін. Тонер картриджін шайқаңыз (79-беттегі
"Тонерді қайта тарату" бөлімін қараңыз).
• Басып шығару ажыратымдылығының басқа
параметрлерін қолданып көріңіз (57-беттегі "Басып
шығару теңшелімдерін ашу" бөлімін қараңыз).
• Тонер картриджін ауыстырыңыз (81-беттегі "Тонер
картриджін ауыстыру" бөлімін қараңыз).
Машинаның драйверін қайда қотаруға
болады?
•Samsung веб-торабынан анықтаманы, қосымша
бағдарламаларды, құрылғы драйверлерін,
нұсқаулықтарды жəне тапсырыс беру туралы
ақпаратты ала аласыз, www.samsung.com > өнімді
табыңыз > Қолдау немесе Қотарулар.