Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide
Сымсыз желіні орнату
181
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
• WPS түймесін қолдайтын модельдерде жоғарыдағы терезе
пайда болады.
• Егер құрылғы USB кабельмен қосылған болса, жоғарыдағы
терезе пайда болмайды. WPS түймесін пайдаланып сымсыз
желіні орнатқыңыз келсе, USB кабелін ажыратыңыз.
• Сымсыз желіні USB кабелін пайдаланып орнатқыңыз келсе, 175-
беттегі "USB кабелі арқылы ену нүктесі" бөлімін қараңыз.
6
Келесі терезеде қатынас орны (немесе сымсыз маршрутизатор)
WPS қолдау-қолдамауын тексеруді сұралады.
Егер қатынас орнында (немесе сымсыз маршрутизаторда) WPS
түймесі болса, Да таңдап, Далее нұқыңыз.
7
Сымсыз желіні орнату үшін терезедегі нұсқауларды орындаңыз.
• Дисплей экраны бар модельдерде төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
a Басқару тақтасында (WPS) түймесін 2-4 секунд ішінде
басып, ұстап тұрыңыз.
Құрылғы 2 минутқа дейін қатынас орнындағы (немесе
маршрутизатордағы) WPS түймешігінің басылуын күтеді.
b Қатынас орнында (немесе сымсыз маршрутизаторда)
WPS (PBC) түймесін басыңыз.
Хабарлар дисплей экранында төмендегі ретпен
көрсетіледі:
- Подключение: Құрылғы қатынас орнына (нем
есе
сымсыз маршрутизаторға) қосылуда.
- Подключено: Машина сымсыз желіге сəтті
қосылғанда, WPS көрсеткіш шамы қосулы қалады.
- Тип SSID: Сымсыз желіні қосу процесін аяқтағаннан
кейін дисплейде ену нүктесінің SSID идентификаторы
туралы ақпарат шығады.
• Дисплей экраны жоқ модельдерде төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
a Басқару тақтасында (WPS) түймесін шамамен 2 - 4
секунд бойы күй көрсеткіші тез жыпықтағанша басып
тұрыңыз.
Құрылғы сымсыз желіге қосылу
ды бастайды. Қатынас
орнындағы (немесе сымсыз маршрутизатордағы) WPS
(PBC) түймесін басқанша, көрсеткіш екі минутқа дейін
баяу жыпықтайды.
b Қатынас орнында (немесе сымсыз маршрутизаторда)
WPS (PBC) түймесін басыңыз.
- Ол қатынас орнымен (немесе сымсыз
маршрутизатормен) байланысу кезінде WPS
көрсеткішіндегі шам жылдам жыпықтайды.
- Машина сымсыз желіге сəтті қосылғанда, WPS
көрсеткіш шамы қосулы қалады.
8
Настройка беспроводной сети завершена терезесі шығады.
Далее түймесін басыңыз.