Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide

Сымсыз желіні орнату
188
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
WEP
Түпнұсқалық растама ретінде Open System немесе Shared Key
параметрін таңдаңыз жəне WEP қауіпсіздік кілтін енгізіңіз. Next
түймесін басыңыз.
WEP (Wired Equivalent Privacy) – сымсыз желіге рұқсат етілмеген
қатынасуды болдырмайтын қауіпсіздік протоколы. WEP сымсыз
желіде алмасатын əр пакеттің деректерінің бөлігін 64-биттік
немесе 128-биттік WEP шифрлау кілтін пайдаланып
шифрлайды.
WPA
WPA ортақ кілтін енгізіңіз жəне Next түймесін басыңыз.
WPA тұрақты аралықтарда автоматты түрде өзгер
е
тін құпия
кілтке негізделіп пайдаланушылардың түпнұсқалығын растайды
жəне кім екенін анықтайды. Сондай-ақ, WPA шифрлау үшін TKIP
(Temporal Key Integrity Protocol) протоколын жəне AES
(Advanced Encryption Standard) шифрлауын пайдаланады.
14
Терезе сымсыз желі параметрлерін көрсетеді жəне
параметрлердің дұрыстығын тексереді. Next түймесін басыңыз.
DHCP əдісі үшін
Егер IP мекенжайды тағайындау əдісі DHCP болса, терезеде
DHCP көрсетілгенін тексеріңіз. Егер ол Тұрақты əдісін
көрсетсе, тағайындау əдісін DHCP деп өзгерту үшін Change
TCP/IP пəрменін таңдаңыз.
Тұрақты əдіс үшін
Егер IP мекенжайды тағайындау əдісі тұрақты болса,
терезеде «Тұрақты» көрсетілгенін тексеріңіз. Егер DHCP
əдісі көрсетілсе, IP мекенжайды жəне машинаның басқа
желілік теңшелім мəндерін енгізу үшін Change TCP/IP
пəрменін таңдаңыз. Құрылғының IP мекенжайын енгізу
алдында компьютердің желілік теңшелімі туралы ақпаратты
білу керек. Егер компьютер DHCP деп орнатылған болса,
тұрақты IP мекенжайды алу үшін желілік əкімшіге хабарласу
керек.
Мысалы:
Егер компьютердің желілік ақпараты төменде
көрсетілгендей болса:
-IP мекенжай: 169.254.133.42
- Ішкі желі бүркеніші: 255.255.0.0
Онда құрылғының желілік ақпараты төмендегідей болуы
керек:
-IP мекенжай: 169.254.133.43
- Ішкі желі бүркеніші: 255.255.0.0 (Компьютердің ішкі желі
бүркенішін пайдаланыңыз).
- Шлюз: 169.254.133.1
15
Желілік сым қосылымы расталғанын көрсететін терезе пайда
болғанда, желілік сымды ажыратыңыз жəне Далее пернесін
нұқыңыз.
Егер желілік сым қосылған болса, сымсыз желіні теңшеу кезінде
құрылғыны анықтауда ақаулықтар тууы мүмкін.