Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide

Сымсыз желіні орнату
190
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Инфрақұрылым желісін жасау
1
Компьютерді, қатынас орнын жəне құрылғыны қосыңыз.
2
Қос берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін CD-
ROM дискжетекке енгізіңіз.
3
Macintosh жұмыс үстелінде шығатын CD-ROM белгішесін екі рет
басыңыз.
4
MAC_Installer қалтасы > Installer OS X белгішесін екі рет
нұқыңыз.
5
Continue түймесін басыңыз.
6
Лицензиялық келісімді оқыңыз жəне Continue түймесін
басыңыз.
7
Лицензиялық келісімге келісу үшін Agree түймесін басыңыз.
8
Компьютерде барлық бағдарламалар жабылатыны туралы
ескертетін хабар шыққанда, Continue пəрменін таңдаңыз.
9
User Options Pane тармағында Wireless Network Setting
түймесін басыңыз.
10
Using the WPS button параметрін таңдап, Next түймесін
басыңыз.
WPS түймесін қолдайтын модельдерде жоғарыдағы терезе
пайда болады.
Егер құрылғы USB кабельмен қосылған болса, жоғарыдағы
терезе пайда болмайды. WPS түймесін пайдаланып сымсыз
желіні орнатқыңыз келсе, USB кабелін ажыратыңыз.
Сымсыз желіні USB кабелін пайдаланып орнатқыңыз келсе, 185-
беттегі "USB кабелі арқылы ену нүктесі" бөлімін қараңыз.
11
Келесі терезеде қатынас орны (немесе сымсыз маршрутизатор)
WPS қолдау-қолдамауын тексеруді сұралады.
Егер қатынас орнында (немесе сымсыз маршрутизаторда) WPS
түймесі болса, Да таңдап, Далее нұқыңыз.