Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide
Сымсыз желіні орнату
200
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
• Қауіпсіздік тиісінше теңшелмеген. Қатынас орнында жəне
құрылғыда теңшелген қауіпсіздікті тексеріңіз.
Ошибка подключения - Ошибка основного
соединения
• Компьютер құрылғыдан сигнал алып жатқан жоқ. USB кабельді
жəне құрылғы қуатын тексеріңіз.
Ошибка подключения - Соединение с проводной
сетью
• Құрылғы сымды желі кабелімен қосылған. Сымды желі кабелін
құрылғыдан ажыратыңыз.
Ошибка соединения с ПК
• Теңшелген желі мекенжайы компьютер мен құрылғының арасында
қосыла алмады.
- DHCP желі ортасы үшін
Компьютер DHCP деп теңшелгенде, IP мекенжайды автоматты
түрде алады (DHCP).
- Тұрақты желі ортасы үшін
Компьютер тұрақты мекенжайға теңшелген болса, құрылғы
тұрақты мекенжайды пайдаланады.
Мысалы,
Егер компьютердің желілік ақпараты төменде көрсетілгендей
болса:
▪ IP мекенжай: 169.254.133.42
▪Ішкі желі бүркеніші: 255.255.0.0
Онда құрылғының желілік ақпараты төмендегідей болуы керек:
▪ IP мекенжай: 169.254.133.43
▪Ішкі желі бүркеніші: 255.255.0.0 (Компьютердің ішкі желі
бүркенішін пайдаланыңыз).
▪Шлюз: 169.254.133.1
Басқа мəселелер
Құрылғыны желіде пайдаланғанда мəселелер орын алса, төмендегіні
тексеріңіз:
Қатынас орны (немесе сымсыз маршрутизатор) туралы ақпарат
алу үшін оның өзінің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
• Компьютеріңіз, қатынас орны (немесе сымсыз маршрутизатор) не
құрылғы қосылмаған болуы мүмкін.
• Құрылғының айналасындағы сымсыз қабылдауды тексеріңіз.
Маршрутизатор машинадан алыс болса немесе кедергі болса,
сигналды қабылдау қиын болады.
• Қатынас орнын (немесе сымсыз маршрутизаторды), құрылғыны
жəне компьютерді өшіріп қосыңыз. Кейде өшіріп, қосу желі
байланысын қалпына келтіруі мүмкін.