Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide

202
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Samsung MobilePrint
22
Samsung MobilePrint деген не?
Samsung MobilePrint - пайдаланушыларға фотосуреттерді,
құжаттарды жəне веб-беттерді смартфоныңыздан немесе
планшетіңізден тікелей басып шығаруға мүмкіндік беретін тегін
бағдарлама. Samsung MobilePrint тек Android, Windows жəне iOS
смартфондарымен ғана емес, сонымен қатар iPod Touch жəне қалта
компьютерімен үйлесімді. Ол ұялы құрылғыны желіге қосылған
Samsung принтеріне немесе сымсыз принтерге Wi-Fi қатынасу нүктесі
арқылы қосады. Жаңа драйверді орнату немесе желілік параметрлерді
теңшеу қажет емесжай ғана Samsung MobilePrint бағдарламасын
орнатыңыз да, ол үйлесімді Samsung принтерлерін автоматты түрде
анықтайды. Фотосуреттерді, веб-беттерді жəне PDF файлдарын
басып шығару мүмкіндігіне қоса, сканерлеу де қолданады. Сізде
Samsung көп функциялы принтеріңіз болса, кез келген құжатты ұялы
құрылғыңызда жылдам жəне оңай көру үшін JPG, PDF немесе PNG
пішіміне сканерлеңіз.
23
Samsung MobilePrint бағдарламасын қотару
Samsung MobilePrint бағдарламасын қотару үшін ұялы
құрылғыңыздағы бағдарламалар қалтасына өтіп, “Samsung
MobilePrintбағдарламасын іздеңіз. Сонымен қатар, компьютеріңізде
Apple құрылғылары үшін iTunes қызметіне немесе Windows
құрылғылары үшін Marketplace қызметіне өтуіңізге болады.
24
Қолданатын ұялы амалдық жүйе
Android OS 2.1 немесе жоғарырақ
iOS 4.0 немесе жоғарырақ
Windows Phone 7 немесе жоғарырақ