Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide

240
4. Арнайы мүмкіндіктер
Электрондық пошта мекенжайын сақтау
Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол
жетімді болмауы мүмкін (8-беттегі "Үлгілер бойынша мүмкіндіктер"
бөлімін қараңыз).
SyncThru™ Web Service арқылы жиі пайдаланылатын электрондық
пошта мекенжайлары бар мекенжай кітапшасын орнатуға, содан кейін
оларға мекенжай кітапшасында тағайындалған орын нөмірлерін енгізу
арқылы электрондық пошта мекенжайларын тез енгізе аласыз.
1
Құрылғыда сақтау
Суретті сканерлеу жəне электрондық пошта тіркемесі ретінде жіберу
үшін SyncThru™ Web Service қызметін пайдаланып электрондық
пошта мекенжайын орнату керек.
1
SyncThru™ Web Service қызметіне қол жеткізіңіз (298-беттегі
"SyncThru™ Web Service бағдарламасын пайдалану" бөлімін
қараңыз).
2
SyncThru™ Web Service веб-торабының жоғарғы оң жағындағы
Вход в систему түймесін басыңыз.
3
Идентификатор мен Пароль енгізіп, Вход в систему түймесін
басыңыз.
Идентификатор: admin
Пароль: sec00000
4
Адресная книга > Пользователи > Добавить.
5
Номер быстрого набора пəрменін таңдаңыз жəне электрондық
пошта мекенжайы мен факс нөмірін енгізіңіз.
SMB немесе FTP сервері туралы ақпаратты орнату керек болса,
SMB немесе FTP тексеріңіз жəне ақпаратты орнатыңыз.
6
Применить түймесін басыңыз.
7
Топты жасасаңыз, Адресная книга > Группа электронной
почты > Добавить группу тармағына өтіңіз.
8
Номер быстрого набора пəрменін таңдап, Имя группы
енгізіңіз.
Да үшін Добавить пользователя(ей) после создания группы
құсбелгісін қойсаңыз, жеке мекенжайды оңай қоса аласыз.
9
Применить түймесін басыңыз.