Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide
Басып шығару мүмкіндіктері
265
4. Арнайы мүмкіндіктер
Принтер сипаттарының параметрлерін реттеу
Printers configuration ішіндегі Printer Properties терезесін
пайдаланып, құрылғының принтер функцияларының түрлі сипаттарын
өзгертуге болады.
1
Unified Driver Configurator тармағын ашыңыз.
Қажет болса, Printers configuration бөліміне ауысыңыз.
2
Бар болған принтерлер тізімінен құрылғыңызды таңдап,
Properties түймесін басыңыз.
3
Printer Properties терезесі шығады.
Терезенің жоғарғы жағында келесі бес қойынды көрсетіледі.
• General: Принтердің орнын жəне атауын өзгертуге мүмкіндік
береді. Бұл қойындыда енгізілген атау Printers
configuration ішіндегі принтерлер тізімінде көрсетіледі.
• Connection: Басқа портты қарауға немесе таңдауға
мүмкіндік береді. Егер пайдаланып жатқанда құрылғының
портын USB-ден параллель немесе керісінше өзгертсеңіз,
құрылғының портын осы қойындыда қайта теңшеңіз.
• Driver: Басқа машина драйверін қарауға немесе таңдауға
мүмкіндік береді. Options тармағын таңдап, əдепкі құрылғы
параметрлерін орнатуға болады.
• Jobs: Басып шығару тапсырмаларының тізімін көрсетеді.
Таңдалған тапсырманы болдырмау үшін Cancel job
пəрменін таңдаңыз жəне тапсырмалар тізімінде алдыңғы
тапсырмаларды көру үшін Show completed jobs құсбелгісін
қойыңыз.
• Classes: Машинаның сыныбын көрсетеді. Машинаны нақты
сыныпқа қосу үшін Add to Class пəрменін таңдаңыз немесе
машинаны таңдалған сыныптан алып тастау үшін Remove
from Class пəрменін таңдаңыз.
4
Өзгертулерді қолдану үшін OK түймесін басыңыз жəне Printer
Properties терезесін жабыңыз.
18
Unix жүйесінде басып шығару
Модельдерге немесе параметрлерге байланысты кейбір
функциялар қолжетімді емес болуы мүмкін. Бұл функциялар
қолданылмайтынын білдіреді. (8-беттегі "Үлгілер бойынша
мүмкіндіктер" қараңыз).