Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide
Сканерлеу мүмкіндіктері
272
4. Арнайы мүмкіндіктер
23
FTP/SMB серверіне сканерлеу
Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол
жетімді болмауы мүмкін (8-беттегі "Үлгілер бойынша мүмкіндіктер"
бөлімін қараңыз).
FTP/SMB серверін орнату
1
SyncThru™ Web Service қызметіне қол жеткізіңіз (298-беттегі
"SyncThru™ Web Service бағдарламасын пайдалану" бөлімін
қараңыз).
2
Адресная книга > Пользователи > Добавить тармағына
өтіңіз.
3
Добавить FTP немесе Добавить SMB жанындағы құсбелгіні
қойыңыз.
4
IP мекенжайды нүктелі ондық жазба немесе түйін атауы түрінде
енгізіңіз.
5
1-ден 65535-ке дейінгі порт нөмірін енгізіңіз.
6
Анонимный жанындағы құсбелгіні қойыңыз, сонда сервер
рұқсат етілмеген адамдардың қол жеткізуіне рұқсат етеді.
7
Кіру атын жəне құпия сөзді енгізіңіз.
8
Сервер белгілі бір доменге қосылған болса, домен атын
енгізіңіз, олай болмаса, жай SMB серверіне тіркелген компьютер
атын енгізіңіз.
9
Сканерленген суретті сақтау жолын енгізіңіз.
• Сканерленген суретті сақтау қалтасы түбірде болуы керек.
• Қалта сипаттары ортақ пайдаланылатын етіп орнатылуы керек.
• Пайдаланушы атыңызда қалтаға жазу жəне оқу құқықтары
болуы керек.
10
Применить пəрменін таңдаңыз.
Сканерлеу жəне FTP/SMB серверіне жіберу
1
Құрылғы желіге қосылғанын тексеріңіз.
2
Бір құжатты төмен қаратып құжат əйнегіне қойыңыз немесе
құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (51-беттегі
"Түпнұсқаларды салу" бөлімін қараңыз).
3
Басқару тақтасында (сканерлеу) > Сканир.: SMB немесе
Сканир.: FTP тармағына өтіңіз.
Я болмаса сенсорлық экранда Скан > SMB немесе FTP
тармағына өтіңіз.