Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide
Сканерлеу мүмкіндіктері
273
4. Арнайы мүмкіндіктер
4
Қажетті серверді жəне сканерлеу пішімін таңдаңыз.
5
Құрылғы сканерлеуді бастайды, содан кейін сканерленген
суретті көрсетілген серверге жібереді.
24
Суреттерді өңдеу бағдарламасында
сканерлеу
Бағдарлама TWAIN үйлесімді болса, Adobe Photoshop сияқты
суреттерді өңдеу бағдарламасында құжаттарды сканерлей жəне
импорттай аласыз. TWAIN талаптарына сай бағдарламалық құралмен
сканерлеу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1
Құрылғы компьютерге қосылып, қуат көзіне қосылғанын
тексеріңіз.
2
Бір құжатты төмен қаратып құжат əйнегіне қойыңыз немесе
құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (51-беттегі
"Түпнұсқаларды салу" бөлімін қараңыз).
3
Adobe Photoshop секілді бағдарламаны ашыңыз.
4
Файл > Импорттау тармағына өтіп, сканер құрылғысын
таңдаңыз.
5
Сканерлеу параметрлерін орнатыңыз.
6
Сканерлеңіз жəне сканерленген суретті сақтаңыз.
25
WIA драйверін пайдаланып сканерлеу
Құрылғы суреттерді сканерлеу үшін Windows Image Acquisition (WIA)
драйверін қолдайды. WIA – Microsoft Windows 7 жүйесі беретін
стандартты құрамдастардың бірі жəне сандық камералар жəне
сканерлермен жұмыс істейді. TWAIN драйверіне қарағанда, WIA
драйвері суреттерді қосымша бағдарламалық құралды
пайдаланбастан сканерлеуге жəне оңай дұрыстауға мүмкіндік береді.
WIA драйвері тек Windows жүйесінде (Windows 2000 жүйесіне
қолдау көрсетілмейді), USB порт көмегімен жұмыс істейді.
1
Құрылғы компьютерге қосылып, қуат көзіне қосылғанын
тексеріңіз.
2
Бір құжатты төмен қаратып құжат əйнегіне қойыңыз немесе
құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (51-беттегі
"Түпнұсқаларды салу" бөлімін қараңыз).
3
Бастау > Басқару тақтасы > Жабдық жəне дыбыс >
Құрылғылар мен принтерлер тармағына өтіңіз.
4
Принтеры и факсы > Начать сканирование тармағында
құрылғы драйверінің белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен
нұқыңыз.