Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide

297
5. Пайдалы басқару құралдары
Easy Eco Driver
Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол жетімді болмауы мүмкін (8-беттегі "Бағдарламалық қамту" бөлімін қараңыз).
Тек Windows жүйесінің пайдаланушылары үшін қол жетімді (8-беттегі "Бағдарламалық қамту" бөлімін қараңыз).
Easy Eco Driver бағдарламасының көмегімен басып шығару алдында қағазды жəне тонерді үнемдеу үшін Eco мүмкіндіктерін қолдануға болады.
Бұл бағдарламаны пайдалану үшін принтер сипаттарында Запускать драйвер Easy Eco перед печатью задания құсбелгісін қою керек.
Easy Eco Driver бағдарламасы, сонымен бірге, қарапайым өңдеуді орындауға мүмкіндік береді, мысалы, суреттерді жəне мəтіндерді жою,
қаріптерді өзгерту жəне т.б. Жиі пайдаланылатын параметрлерді алдын ала орнатылған ретінде сақтауға болады.
Пайдалану əдісі:
1 Басып шығару керек құжатты ашыңыз.
2 Құжатты басып шығарыңыз.
Алдын ала қарау терезесі пайда болады.
3 Құжатқа қолдану керек параметрлерді таңдаңыз.
Қолданылған мүмкіндіктерді алдын ала қарауға болады.
4 Басып шығару түймесін басыңыз.