Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide
308
5. Пайдалы басқару құралдары
Smart Panel бағдарламасын пайдалану
Smart Panel – машинаның күйін бақылайтын жəне ол туралы
хабарлайтын бағдарлама жəне машинаның параметрлерін теңшеуге
мүмкіндік береді. Smart Panel бағдарламасын Samsung веб-торабынан
қотара аласыз (145-беттегі "Smart Panel орнату" бөлімін қараңыз).
• Қолданыстағы құрылғы мен амалдық жүйенің түріне қарай, осы
пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген Smart Panel терезесі
мен оның мазмұны басқаша болуы мүмкін.
• Құрылғымен үйлесімді амалдық жүйені(лерді) тексеріңіз (113-
беттегі "Техникалық сипаттамалары" бөлімін қараңыз).
• Smart Panel пəрмені Linux OS пайдаланушылары үшін ғана қол
жетімді (8-беттегі "Бағдарламалық қамту" бөлімін қараңыз).
8
Smart Panel бағдарламасын шолу
Пайдалану кезінде қате орын алса, қатені Smart Panel
бағдарламасынан тексеруіңізге болады. Сондай-ақ, Smart Panel
бағдарламасын қолмен ашуыңызға болады.
Хабарландыру аумағында Smart Panel белгішесін () екі рет
нұқыңыз.
1
Тонер деңгейі Əрбір тонер картриджінде қалған тонердің
деңгейін көруіңізге болады. Жоғарыда
көрсетілген құрылғы мен тонер картридждерінің
саны қолдаыстағы құрылғыға қарай басқаша
болуы мүмкін. Егер бұл мүмкіндікті көрмесеңіз,
ол құрылғыға сəйкес келмейді.
2
Buy Now Қосалқы тонер картридж(дер)іне желіде
тапсырыс беруіңізге болады.