Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide
Басып шығару сапасы мəселелері
323
6. Ақаулықтарды жою
Тік жолдар Бетте қара тік жолақтар пайда болса:
• Құрылғының ішіндегі тонер картриджінің бетіне (барабан бөлігі) сызат түскен болуы мүмкін. Тонер катриджін алып
тастап, жаңасын орнатыңыз (81-беттегі "Тонер картриджін ауыстыру" бөлімін қараңыз).
Егер бетте ақ тік жолақтар пайда болса:
• Құрылғының ішіндегі LSU бөлігінің беті өте лас болуы мүмкін. Құрылғының ішін тазалаңыз (85-беттегі "Құрылғыны
тазалау" бө
лі
мін қараңыз). Егер бұл қадамдар мəселені түзетпесе, қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.
Қара немесе түсті өң Өңдік көлеңкелеудің мөлшері қажеттіден асса:
• Салмағы азырақ қағазға өтіңіз.
• Қоршаған орта жағдайларын тексеріңіз: өте құрғақ жағдай немесе ылғалдылықтың жоғары деңгейі (80 %
салыстырмалы ылғалдылықтан аса) өңдік көлеңкелеудің мөлшерін арттыруы мүмкін.
• Ескі тонер картриджін алыңыз да, жаңасын орнат
ыңыз (81-беттегі "Тонер картриджін ауыстыру" бөлімін қараңыз).
• Тонерді толығымен таратыңыз (79-беттегі "Тонерді қайта тарату" бөлімін қараңыз).
Тонер жағылады • Құрылғының ішін тазалаңыз (85-беттегі "Құрылғыны тазалау" бөлімін қараңыз).
• Қағаздың түрін жəне сапасын тексеріңіз.
• Тонер катриджін алып тастап, жаңасын орнатыңыз (81-беттегі "Тонер картриджін ауыстыру" бөлімін қараңыз).
Күйі Ұсынылатын шешімдер