Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide
Амалдық жүйе мəселелері
336
6. Ақаулықтарды жою
3
Жалпы Linux мəселелері
Күйі Ұсынылатын шешімдер
Құрылғы басып
шығармайды.
• Жүйеде принтер драйверінің орнатылғанын тексеріңіз. Бар машиналардың тізімін көру үшін Unified Driver
Configurator бағдарламасын ашып, Printers configuration терезесінде Printers қойыншасына өтіңіз. Тізімде осы
құрылғы көрсетілгенін тексеріңіз. Көрсетілмесе, құрылғыны орнату үшін Add new printer wizard шеберін ашыңыз.
• Құрылғының қосылғанын тексеріңіз. Printers configuration терезесін ашып, принтерлер тізімінде машинаны
таңдаңыз. Selected printer аумағында сипаттаманы қараңыз. Егер оның күйінде Stopped болс
а, Start түймесін
басыңыз. Машинаның қалыпты жұмысын қалпына келтіру керек. «Тоқтатылған» күйін басып шығаруда кейбір
мəселелер орын алғанда белсендіруге болады.
• Машинада «-oraw» сияқты арнайы басып шығару параметрлері бар екенін тексеріңіз. Егер пəрмен жолы
параметрінде «-oraw» көрсетілген болса, дұрыс басып шығару үшін оны жойыңыз. Gimp бағдарламасы үшін «print»
-> «Setup printer» тармағын таңдап, пəрмен элементінде пəрмен жолы парамет
р
ін өзгертіңіз.
Кейбір түрлі-түсті суреттер
толығымен қара болып
шығады.
Бұл - Ghostscript (GNU Ghostscript 7.05 нұсқасына дейінгі) белгілі қатесі, яғни құжаттың фондық түсінің кеңістігі
индекстелген түс кеңістігі болып табылады жəне ол CIE түс кеңістігі арқылы түрленеді. Postscript түс сəйкестігінің
жүйесі үшін CIE түс кеңістігін пайдаланатындықтан, жүйеңіздегі Ghostscript қолданбасын кемінде GNU Ghostscript
7.06 немесе одан кейінгі нұсқасына дейін жаңартуыңыз керек. Ең соңғы Ghostscript нұсқ
аларын www.ghostscript.com
веб-сайтынан таба аласыз.
Кейбір түрлі-түсті суреттер
күтпеген түстерде басып
шығарылуы мүмкін.
Бұл - Ghostscript (GNU Ghostscript 7.xx нұсқасына дейінгі) белгілі қатесі, яғни құжаттың фондық түсінің кеңістігі
индекстелген RGB түс кеңістігі болып табылады жəне ол CIE түс кеңістігі арқылы түрленеді. Postscript түс сəйкестігінің
жүйесі үшін CIE түс кеңістігін пайдаланатындықтан, жүйеңіздегі Ghostscript қолданбасын кемінде GNU Ghostscript 8.xx
немесе одан кейінгі нұсқасына дейін жаңартуы
ңыз керек. Ең соңғы Ghostscript нұсқаларын www.ghostscript.com веб-
сайтынан таба аласыз.