Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide

40
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
Құрылғының негізгі параметрлерін орнату
Құрылғының басқару тақтасында +/- түймелері бар болса, (26-
беттегі "Басқару панеліне жалпы шолу" бөлімін қараңыз):
Құрылғының параметрлерін Samsung Easy Printer Manager
бағдарламасындағы Параметры устройств тармағын немесе
Printer Settings Utility бағдарламасындағы Machine бөлімін
пайдалана отырып орнатуға болады.
•Windows жəне Macintosh пайдаланушысы болсаңыз, 304-беттегі
"Параметры устройств" бөлімін қараңыз.
•Linux пайдаланушысы болсаңыз, 308-беттегі "Smart Panel
бағдарламасын пайдалану" бөлімін қараңыз.
Орнату аяқталғаннан кейін құрылғының əдепкі параметрлерін
орнатқыңыз келуі мүмкін.
Құрылғының əдепкі параметрлерін өзгерту үшін мына қадамдарды
орындаңыз:
Кейбір модельдерде төменірек деңгейдегі мəзірлерге өту үшін OK
түймесін басу қажет болуы мүмкін.
1
Басқару тақтасында (Меню) түймесін басыңыз.
2
Настройка системы > Настр. устройства тармағына өтіңіз.
3
Қажет параметрді таңдап, OK түймесін басыңыз.
Язык: басқару тақтасында көрсетілетін тілді өзгертеді.
Дата и время: Орнатылғанда, уақыт пен күн кідіртілген факс
пен кідіртілген баспада қолданылады. Олар есепте басылып
шығарылады. Алайда, олар қате болса, ағымдағы уақытқа
қарап түзету керек болады.
Көрсеткілерді немесе сандық пернетақтаны пайдаланып дұрыс
уақыт пен күнді енгізіңіз (242-беттегі "Пернетақтадағы əріптер мен
сандар" бөлімін қараңыз).
Ай = 01 - 12
Күн = 01 - 31
Жыл = төрт санды қажет етеді
Сағат = 01 - 12
Минут = 00 - 59
Режим часов: Құрылғыдағы сағатты 12 сағаттық немесе 24
сағаттық пішімде көрсететін етіп орнатуға болады.
Экономия тонера: Тонерді сақтау режимі құрылғыға əр бет
үшін азырақ тонер пайдалануға мүмкіндік береді. Осы режим
қосылғанда, қалыпты режимдегі жұмысқа қарағанда
картридж тонер ұзаққа жетеді, бірақ баспа сапасы
төмендейді.