Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide

Баспа құралы жəне науа
48
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
Жапсырмалардың арасында жабысқыш материалдардың жоқ
екеніне көз жеткізіңіз. Желім тиген жерлердің əсерінен басып
шығару кезінде жапсырмалар алынып қалады жəне соның
салдарынан парақ кептеледі. Желімнің жағылуы құрылғы
бөлшектерінің зақымдалуына алып келеді.
Жапсырмаларды құрылғыдан бірнеше рет өткізбеңіз. Жабысқыш
қабат құрылғыдан бір рет қана өту үшін жасалған.
Жабысқыш қабаттан ажырап тұрған немесе қыртысталған, ауа
кірген немесе бүлінген жапсырмаларды пайдаланбаңыз.
Карта бумасы/Өлшемі белгіленетін қағаз
Бағдарламалық құралда бет шеттерін материалдың жиектерінен
кем дегенде 6,4 мм (0,25 дюйм) қашықтыққа қойыңыз.
Алдын ала басып шығарылған қағаз
Алдын ала басып шығарылған қағазды басып шығарғанда, басып
шығарылатын жағы жоғарыға қарауы, майыспаған жиегі алдында
болуы керек. Қағазды беру мəселелері болса, қағазды айналдырыңыз.
Басып шығару сапасына кепілдік берілмейтінін ескеріңіз.
Машинаның термофиксация температурасына 0.1 секундқа
(шамамен 170°C (338°F)) түскенде ерімейтін, буланбайтын немесе
қауіпті заттарды шығармайтын қыздыруға төзімді сиямен басып
шығарылуы керек.
Қайта басып шығарылатын қағаз сиясы өртенбейтін жəне
құрылғының роликтеріне кері əсер етпеуі керек.
Алдып ала басып шығарылған қағазды салу алыдна қағаздағы
сияның құрғақ екенін тексеріңіз. Еріту кезінде ылғал сия баспаның
сапасын нашарлатып алдын ала басып шығарылған қағаздан
ажырауы мүмкін.