Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide

Баспа құралы жəне науа
53
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
Көшіру кезінде сканердің қақпағын ашық қалдырсаңыз, ол
көшіру сапасына жəне тонердің жұмсалуына əсер етеді.
Сканер шынысындағы шаң басып шығарылатын парақтың
бетіне қара дақтардың түсуіне себеп болады. Оны əрқашан таза
ұстаңыз (85-беттегі "Құрылғыны тазалау" бөлімін қараңыз).
Егер кітаптың немесе журналдың бетін көшіргіңіз келсе,
сканердің қақпағының топсалары шектегішке жеткенге дейін
көтеріңіз, содан кейін қа
қ
пақты жабыңыз. Егер кітап немесе
журнал 30 мм-ден қалың болса, сканердің қақпағын ашып қойып
көшіріңіз.
Сканердің шынысын сындырып алмаңыз. Кесіп кетуі мүмкін.
Сканердің қақпағын жапқанда қолыңызды салмаңыз. Сканердің
қақпағы түсіп кетіп қолыңызды ауыртуы мүмкін.
Көшіру немесе сканерлеу кезінде сканердің ішіндегі жарыққа
қарамаңыз. Бұл көзге зиян.
Құжат бергіште
Құжат бергіштің көмегімен бір тапсырмада 40 парақ (80 г/м
2
, 20 фунт
жоғары сапалы қағаз) салуға болады.
1
Құжат бергіштің бағыттауыш қақпағын ашыңыз.
2
Түпнұсқаларды салмас бұрын, қағаз бумасының жиегін
майыстырып немесе үрлеп, беттерді бір-бірінен айырыңыз.