Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide

66
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
Негізгі сканерлеу
Арнайы сканерлеу мүмкіндіктерін Кеңейтілген нұсқаулық қараңыз
(268-беттегі "Сканерлеу мүмкіндіктері" бөлімін қараңыз).
18
Негізгі сканерлеу
Бұл түпнұсқалардың көшірмесін жасаудың негізгі жəне қалыпты
процедурасы.
Бұл USB арқылы қосылған құрылғының негізгі сканерлеу əдісі.
Кейбір модельдерде төменірек деңгейдегі мəзірлерге өту үшін
OK түймесін басу қажет болуы мүмкін.
Желіні пайдаланып сканерлеу керек болса, кеңейтілген
нұсқаулықты қараңыз (269-беттегі "Желіге қосылған құрылғыда
сканерлеу" бөлімін қараңыз).
1
Бір құжатты төмен қаратып құжат əйнегіне қойыңыз немесе
құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (51-беттегі
"Түпнұсқаларды салу" бөлімін қараңыз).
2
Басқару тақтасында (сканерлеу) > Сканир. на ПК
тармағына өтіңіз.
НЕМЕСЕ
Басқару тақтасында Сканировать на түймесін басыңыз.
Егер Недоступно хабарын көрсеңіз, порт қосылымын тексеріңіз
немесе Samsung Easy Printer Manager > Кеңейтілген
режимге ауысу > Параметры сканирования на ПК ішінен
Включить тармағына өтіңіз.
3
Қажет сканерлеу мақсатты орнын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Əдепкі параметр дегеніміз Мои документы қалтасы болып
табылады.
Жиі пайдаланылатын параметрлердің профиль тізімін жасау,
сақтауға болады. Сондай-ақ, профильді қосуға жəне жоюға жəне
əр профильді басқа жол көрсетіп сақтауға болады.
Samsung Easy Printer Manager > Кеңейтілген режимге
ауысу > Параметры сканирования на ПК өзгерту үшін.
4
Қажет параметрді таңдап, OK түймесін басыңыз.
5
Сканерлеу басталады.