Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide
68
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
Негізгі факс жіберу
• Бұл функцияға SCX-340x/SCX-340xW Series өнімдерінде қолдау
көрсетілмейді (26-беттегі "Басқару панеліне жалпы шолу"
бөлімін қараңыз).
• Арнайы факс мүмкіндіктерін Кеңейтілген нұсқаулық қараңыз
(280-беттегі "Факс мүмкіндіктері" бөлімін қараңыз).
• Бұл құрылғыны факс ретінде интернет телефоны арқылы
пайдалану мүмкін емес. Қосымша ақпаратты Ғаламтор
провайдеріңізден алыңыз.
• Факсты қолдану үшін телефон желілерін қосқан кезде, дəстүрлі
аналогтық телефон қызметтерін (PSTN: Ортақ пайдаланылатын
телефон желілері) пайдалануды ұсынамыз). Басқа интернет
қызметтерін (DSL, ISDN, VolP) пайдаланғанда, шағын сүзгін
пайдаланып, байланыс сапасын жақсартуға болады. Шағын
сүзгі қажетсіз шу сигналдарын жойып, байланыс сапасын
немесе Ғал
а
мтор сапасын жақсартады. DSL шағын сүзгісі
құрылғымен бірге берілмейтіндіктен, DSL шағын сүзгісін
пайдалану үшін Ғаламтор провайдеріне хабарласыңыз.
1 Желілік порт
2 Шағын сүзгі
3 DSL модемі / телефон желісі
(25-беттегі "Артқы көрінісі" қараңыз).
19
Факс жіберуге дайындау
Факс жіберу немесе қабылдау алдында берілген желі сымын қабырға
розеткасына қосыңыз (25-беттегі "Артқы көрінісі" қараңыз).
Қосылымды жасау үшін Жылдам орнату нұсқаулығы нұсқаулығын
қараңыз. Телефон байланысын орнату əдісі мемлекетке қарай əр түрлі
болады.
20
Факс жіберу
Түпнұсқаларды қойғанда, құжат бергішті немесе сканер шынысын
пайдалануға болады. Егер түпнұсқалар құжат бергіш жəне сканер
шынысы екеуіне де қойылса, құрылғы алдымен құжат бергіштегі
құжаттарды оқиды. Себебі ол сканерлеуге қарағанда басымдыққа
ие.
1
Бір құжатты төмен қаратып құжат əйнегіне қойыңыз немесе
құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (51-беттегі
"Түпнұсқаларды салу" бөлімін қараңыз).
2
Басқару тақтасында (факс) белгішесін таңдаңыз.