Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide
79
3. Қызмет көрсету
Тонерді қайта тарату
Тонер картриджін пайдалану мерзімі аяқталайын дегенде:
• Ақ жолақтар немесе ашық басып шығару жəне/немесе жақтарда тығыздық əр түрлі болады.
• Состояние ЖД қызыл түспен жыпылықтайды. Егер құрылғыда Тонер жарық диодты көрсеткіші болса, ол қызғылт сары болып жыпықтайды.
Бұл орын алса картриджде қалған тонерді қайта тарату арқылы басып шығару сапасын уақытша жақсарта аласыз. Ке
йбір жағдайларда ақ
жолақтар немесе ашық басып шығару тіпті тонерде қайта таратудан кейін де орын алады.
Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы мүмкін.
Құрылғының түрін тексеріңіз (23-беттегі "Алдыңғы көрінісі" бөлімін қараңыз).
• Тонер картриджіне зақым тиюіне жол бермеу үшін оған бес минуттан аса жарық түсірмеңіз. Қажет болса, оны қағазбен жабыңыз.
• Тонер картриджінің жасыл бөлігіне тимеңіз. Бұл аумаққа жанаспау үшін картридж тұтқасын пайдаланыңыз.
• Тонер картриджінің орамасын ашу үшін пышақ немесе қайшы сияқты өткір заттарды қолданбаңыз. Олар картридждің барабанына сызат түсіруі
мүмкін.
• Егер тонер киімг
е
тисе, оны құрғақ матамен сүртіңіз жəне киімді суық сумен жуыңыз. Ыстық су тонерді талшыққа сіңдіріп жібереді.
• Сканерлеу құрылғысын ашқанда, құжат бергіш жəне сканерлеу құрылғысын бірге ұстап тұрыңыз.