Samsung SCX-340x Laser MFP series - User's Guide

81
3. Қызмет көрсету
Тонер картриджін ауыстыру
Тонер картриджін жақсылап шайқаңыз, бұл бастапқы басып шығару сапасын арттырады.
Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы мүмкін.
Құрылғының түрін тексеріңіз (23-беттегі "Алдыңғы көрінісі" бөлімін қараңыз).
Тонер картриджіне зақым тиюіне жол бермеу үшін оған бес минуттан аса жарық түсірмеңіз. Қажет болса, оны қағазбен жабыңыз.
Тонер картриджінің жасыл бөлігіне тимеңіз. Бұл аумаққа тимеу үшін картридж тұтқасын пайдаланыңыз.
Тонер картриджінің орамасын ашу үшін пышақ немесе қайшы сияқты өткір заттарды қолданбаңыз. Олар картридждің барабанына сызат түсіруі
мүмкін.
Егер тонер киімг
е
тисе, оны құрғақ матамен сүртіңіз жəне киімді суық сумен жуыңыз. Ыстық су тонерді матаға сіңдіреді.
Сканерлеу құрылғысын ашқанда, құжат бергіш жəне сканерлеу құрылғысын бірге ұстап тұрыңыз.
Тонер картриджінің қызмет көрсету мерзімі аяқталғанда, машина басып шығаруды тоқтатады.