Samsung Xpress SL-C46x Color Laser Printer series - User's Guide

Table Of Contents
Сымсыз желіні орнату
201
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Wi-Fi Direct желісін орнату
Wi-Fi Direct мүмкіндігін келесі əдістердің бірімен қосуға болады.
USB кабельмен қосылған компьютерден
(ұсынылады)
Драйверді орнату аяқталғаннан кейін Samsung Easy Printer Manager
бағдарламасын Wi-Fi Direct параметрлерін өзгерту үшін пайдалануға
болады.
Samsung Easy Printer Manager – Windows жəне Mac OS
пайдаланушылары үшін ғана қол жетімді.
Бастау мəзірінде Бағдарламалар немесе Барлық
бағдарламаларда > Samsung Printers > Samsung Easy Printer
Manager > Параметры устройств > Сеть тармағына өтіңіз.
- Вкл./Выкл. Wi-Fi Direct: Қосу үшін Включено параметрін
таңдаңыз.
- Имя устройства: Принтерді сымсыз желіде іздеу үшін принтер
атын енгізіңіз. Əдепкі бойынша құрылғының аты оның модель
аты болады.
- IP-адрес: Принтердің IP мекенжайын енгізіңіз. Бұл IP мекенжай
инфрақұрылымның сымды немесе сымсыз желісі үшін емес, ал
тек жергілікті желі үшін пайдаланылады. Біз əдепкі жергілікті IP
мекенжайды пайдалануды ұсынамыз (Принтердің Wi-Fi Direct
үшін əдепкі жергілікті IP мекенжайы – 192.168.3.1)
- Пользователь группы: Бұл параметрді принтерді Wi-Fi Direct
топ иесіне тағайындау үшін белсендіріңіз. Пользователь
группы сымсыз қатынас орны сияқты əрекет етеді. Осы
параметрді белсендіруді ұсынамыз.
- Пароль сети: Егер принтер Владелец группы болса,
принтерге қосылу үшін басқа ұшқыр құрылғыларға
Пользователь группы қажет. Желілік құпия сөзді өзіңіз
теңшей аласыз немесе əдепкі бойынша жасалған кездейсоқ
желілік құпия сөзді есте сақтай аласыз.
Құрылғыдан (дисплей экраны бар құрылғылар)
Басқару тақтасында Сеть > Беспроводной > Wi-Fi Direct
тармағына өтіңіз.
Wi-Fi Direct қосыңыз.
Құрылғыдан (дисплей экраны жоқ құрылғылар)
Басқару тақтасындағы (WPS) түймесін шамамен 10-15 секунд
ішінде басып тұрыңыз. Wi-Fi Direct функциясы қосылады.
Басқару тақтасындағы (WPS) түймесін 15 секундтан аса басып
тұрыңыз. Wi-Fi Direct функциясы өшіріледі.