Samsung Xpress SL-C46x Color Laser Printer series - User's Guide
Table Of Contents
- Негізгі
- 1. Кіріспе
- 2. Мәзірді шолу және негізгі параметрлерді орнату
- 3. Қызмет көрсету
- Шығын материалдарына және керек-жарақтарға тапсырыс беру
- Алуға болатын жабдықтар
- Алуға болатын қосалқы бөлшектер
- Тонер картриджін сақтау
- Тонерді қайта тарату
- Тонер картриджін ауыстыру
- Пайдаланылған тонер контейнерін алмастыру
- Бейнелеу құрылғысын алмастыру
- Керек-жарақтардың жұмыс мерзімін бақылау
- Тонер төмен ескертуін орнату
- Құрылғыны тазалау
- Құрылғыны жылжыту және сақтау бойынша кеңестер
- 4. Ақаулықтарды жою
- 5. Қосымша
- Кеңейтілген
- 1. Бағдарламаны орнату
- 2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
- 3. Пайдалы параметр мәзірлері
- 4. Арнайы мүмкіндіктер
- 5. Пайдалы басқару құралдары
- Easy Capture Manager
- Samsung Easy Color Manager
- Samsung AnyWeb Print
- Easy Eco Driver
- SyncThru™ Web Service бағдарламасын пайдалану
- Samsung Easy Printer Manager бағдарламасын пайдалану
- Samsung Easy Document Creator пайдалану
- Состояние принтера Samsung бағдарламасын пайдалану
- Linux Unified Driver Configurator құралын пайдалану
- 6. Ақаулықтарды жою
- Windows 8 пайдаланушысына арналған жылдам нұсқаулық
- Contact SAMSUNG worldwide
- Глоссарий
- Индекс

Глоссарий
358
Глоссарий
ITU-T
Халықаралық телекоммуникация одағы - халықаралық радио жəне
телекоммуникация саласын стандарттау жəне реттеу үшін құрылған
халықаралық ұйым. Оның негізгі мақсаттары радиожиіліктер
диапазонын бөлу, стандарттау жəне халықаралық телефон
байланыстарын қамтамасыз ету мақсатында əр түрлі елдер арасында
өзара байланыс келісімдерін ұйымдастыру. ITU-T сөзіндегі -T əрпі
телекоммуникацияны білдіреді.
ITU-T № 1 диаграмма
Құжаттарды факсимильді байланыс арқылы жіберу үшін ITU-T
жариялаған стандартталған сынақ диаграммасы.
JBIG
Екі деңгейлі кескіндер жөніндегі бірлескен эксперттер тобы (JBIG) -
дəлдік пен сапаны жоғалтпай кескіндерді қысу стандарты, бинарлық
кескіндерді қысуға арналған, əсіресе факстер үшін, сонымен қатар
басқа кескіндер үшін де пайдалануға болады.
JPEG
Фотосуреттер жөніндегі бірлескен эксперттер тобы (JPEG) -
фотосуреттерді жоғалтумен қысу үшін ең көп қолданылатын
стандартты əдіс. Фотосуреттерді Интернетте сақтау жəне жіберу үшін
пайдаланылатын пішім.
LDAP
Каталогқа кіру үшін жеңілдетілген протокол (LDAP) - TCP/IP арқылы
жұмыс істейтін каталог қызметтерін сұрауға жəне өзгертуге арналған
желілік протокол.
Жарық диодты экран
Жарық шығаратын диод (LED) - құрылғы күйін көрсететін жартылай
өткізгішті құрылғы.
МАС-мекенжай
Ортамен қатынасты басқару (MAC) мекенжайы - желілік адаптермен
байланысқан бірегей идентификатор. MAC-мекенжай бірегей 48-биттік
идентификатор болып табылады, əдетте екі-екіден топталған 12 он
алтылық таңбалар (мысалы, 00-00-0c-34-11-4e). Бұл мекенжай əдетте
өндіруші тарапынан желілік интерфейстік картаға (NIC) қатты
бекітіледі жəне үлкен желілерде құрылғыларды табуға əрекет
жасайтын маршрутизаторларға көмек ретінде пайдаланылады.
MFP
Көп функциялы сыртқы құрылғы (MFP) - бір физикалық денеде келесі
функцияларды қамтитын кеңсе құрылғысы, принтер, көшіру
құрылғысы, факс, сканер жəне т.б.










