Samsung Xpress SL-C46x Color Laser Printer series - User's Guide
Table Of Contents
- Негізгі
- 1. Кіріспе
- 2. Мәзірді шолу және негізгі параметрлерді орнату
- 3. Қызмет көрсету
- Шығын материалдарына және керек-жарақтарға тапсырыс беру
- Алуға болатын жабдықтар
- Алуға болатын қосалқы бөлшектер
- Тонер картриджін сақтау
- Тонерді қайта тарату
- Тонер картриджін ауыстыру
- Пайдаланылған тонер контейнерін алмастыру
- Бейнелеу құрылғысын алмастыру
- Керек-жарақтардың жұмыс мерзімін бақылау
- Тонер төмен ескертуін орнату
- Құрылғыны тазалау
- Құрылғыны жылжыту және сақтау бойынша кеңестер
- 4. Ақаулықтарды жою
- 5. Қосымша
- Кеңейтілген
- 1. Бағдарламаны орнату
- 2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
- 3. Пайдалы параметр мәзірлері
- 4. Арнайы мүмкіндіктер
- 5. Пайдалы басқару құралдары
- Easy Capture Manager
- Samsung Easy Color Manager
- Samsung AnyWeb Print
- Easy Eco Driver
- SyncThru™ Web Service бағдарламасын пайдалану
- Samsung Easy Printer Manager бағдарламасын пайдалану
- Samsung Easy Document Creator пайдалану
- Состояние принтера Samsung бағдарламасын пайдалану
- Linux Unified Driver Configurator құралын пайдалану
- 6. Ақаулықтарды жою
- Windows 8 пайдаланушысына арналған жылдам нұсқаулық
- Contact SAMSUNG worldwide
- Глоссарий
- Индекс

Баспа құралы жəне науа
52
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе
моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы
мүмкін. Құрылғының түрін тексеріңіз (24-беттегі "Алдыңғы көрінісі"
бөлімін қараңыз).
7
Түпнұсқаларды дайындау
• 142 x 148 мм-ден (5,6 x 5,8 дюйм) кіші немесе 216 x 356 мм-ден (8,5
x 14 дюйм) үлкен қағазды салмаңыз.
• Қағаздың кептеліп қалуына, баспа сапасының төмен болуына жəне
құрылғының зақымдалуына жол бермеу үшін төмендегі қағаз
түрлерін салмаңыз.
- Көшіргіш қағаз немесе көшірме жасайтын қағаз
- Борлы қағаз
- Жұқа жылтыр қағаз немесе жұқа қағаз
- Қыртыстары бар немесе мыжылған қағаз
- Иілген немесе оралған қағаз
- Жыртылған қағаз
• Салмас бұрын, барлық қапсырмалар мен қыстырғыштарды алып
тастаңыз.
• Салмастан бұрын, желім, сия немесе түзеткіш сұйықтық
толығымен кепкеніне көз жеткізіңіз.
• Өлшемі немесе салмағы əртүрлі қағазды қамтитын түпнұсқалы
құжаттарды салмаңыз.
• Кітапшаларды, үндеухаттарды, слайдтарды немесе сипаттары
əдеттен тыс құжаттарды салмаңыз.
8
Түпнұсқаларды салу
Түпнұсқаны көшіру, сканерлеу жəне факс арқылы жіберу үшін оны
сканер шынысына немесе автоматты құжат бергішке салуға болады.
Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе
моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы
мүмкін. Құрылғының түрін тексеріңіз (24-беттегі "Алдыңғы көрінісі"
бөлімін қараңыз).
Сканер шынысында
Сканер шынысын пайдаланып, түпнұсқаларды көшіруіңізге немесе
сканерлеуіңізге болады. Əсіресе түрлі-түсті немесе сұр шкала
суреттердің сканерлеуінің жақсы сапасын көре аласыз. Құжат бергіште
түпнұсқалар жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Құжат бергіште түпнұсқа
анықталса, құрылғы оны сканер шынысындағы құжаттан бұрын
өңдейді.










