Samsung Xpress SL-M202x Laser Printer series - User manual
Сымсыз желіні орнату
101
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
PBC режимінде қосылу
1
Басқару тақтасында (WPS) түймесін шамамен 2 - 4 секунд
бойы күй көрсеткіші тез жыпықтағанша басып тұрыңыз.
Құрылғы сымсыз желіге қосылуды бастайды. Ені нүктесіндегі
(немесе сымсыз маршрутизатордағы) WPS (PBC) түймесін
басқанша, көрсеткіш екі минутқа дейін баяу жыпықтайды.
2
Қатынас орнында (немесе сымсыз маршрутизаторда)WPS
(PBC) түймесін басыңыз.
a WPS көрсеткіш шамы тез жыпықтайды. Құрылғы қатынас
орнына (немесе сымсыз маршрутизаторға) қосылуда.
b Машина сымсыз желіге сəтті қосылғанда, WPS LED шамы
қосулы қалады.
3
Берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін CD-ROM
дискжетегіне енгізіңіз жəне сымсыз желіні орнату үшін
терезедегі нұсқаулықтарды орындаңыз.
PIN режимінде қосылу
1
Желі теңшелімі есебі, соның ішінде PIN код басып шығарылуы
керек (94-беттегі "Желі конфигурациясы есебін басып шығару"
бөлімін қараңыз).
Дайын режимде басқару тақтасындағы (WPS) түймесін он
секундтан аса басып тұрыңыз.
Машинаңыздың PIN нөмірін білуге болады.
2
Басқару тақтасында (WPS) түймесін 4 секундтан аса күй
көрсеткіші қосулы болғанша басып тұрыңыз.
Машина қатынасу нүктесіне (немесе сымсыз маршрутизаторға)
қосыла бастайды.
3
Ену нүктесіне (немесе сымсыз маршрутизаторға) қосылған
компьютерге екі минуттің ішінде сегіз сандық PIN кодты енгізу
қажет.
Сегіз сандық PIN кодты енгізгенше көрсеткіш шам екі минутқа
дейін баяу жыпықтайды.
WPS көрсеткіш шамы төмендегі ретпен жыпықтайды:
a WPS көрсеткіш шамы тез жыпықтайды. Құрылғы қатынас
орнына (немесе сымсыз маршрутизаторға) қосылуда.
b Машина сымсыз желіге сəтті қосылғанда, WPS LED шамы
қосулы қалады.
4
Берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін CD-ROM
дискжетегіне енгізіңіз жəне сымсыз желіні орнату үшін
терезедегі нұсқаулықтарды орындаңыз.