Samsung Xpress SL-M202x Laser Printer series - User manual
Сымсыз желіні орнату
102
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Желіге қайта қосылу
Сымсыз желі функциясы өшірулі кезде, құрылғы қатынас орнына
(немесе сымсыз маршрутизаторға) бұрын пайдаланылған сымсыз
қосылым параметрлерімен жəне мекенжайымен қайта қосылуға
əрекет жасайды.
Келесі жағдайларда құрылғы сымсыз желіге автоматты түрде
қайта қосылады:
• Құрылғы өшіріліп, қайта қосылады.
• Қатынас орны (немесе сымсыз маршрутизатор) өшіріліп, қайта
қосылады.
Қосылу процесін болдырмау
Құрылғы сымсыз желіге қосылып жатқанда сымсыз желіге қосылу
функциясын болдырмау үшін басқару панеліндегі (Питание)
түймесін басыңыз жəне жіберіңіз. Сымсыз желіге қайта қосылу үшін
2 минут күту керек болады.
Желіден ажырату
Сымсыз желі қосылымын ажырату үшін басқару тақтасында (WPS)
түймесін екі секундтан аса басыңыз.
• Wi-Fi желісі бос режимде болғанда: Машина сымсыз желіден
бірден ажыратылады жəне WPS көрсеткіш шамы өшеді.
• Wi-Fi желісі пайдаланылғанда: Машина ағымдағы тапсырманың
аяқталғанын күткенде, WPS көрсеткіш шамы тез жыпықтайды.
Одан кейін сымсыз желі қосылымы автоматты түрде ажыратылады
жəне WPS көрсеткіш шамы өшеді.