Samsung Xpress SL-M202x Laser Printer series - User manual
Сымсыз желіні орнату
114
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
12
Іздеуден кейін терезе сымсыз желі құрылғыларын көрсетеді.
Пайдаланғыңыз келетін қатынас нүктесінің атауын (SSID)
таңдап, Next түймесін басыңыз.
Сымсыз желі теңшелімін қолмен орнатқыңыз келсе, Advanced
Setting пəрменін таңдаңыз.
• Enter the wireless Network Name: Қатынас орнының SSID
атауын енгізіңіз (SSID – регистрді ескереді).
• Operation Mode: Infrastructure параметрін таңдаңыз.
• Аутентификация: Түпнұсқалық растамасының түрін таңдаңыз.
Открытая: Түпнұсқалық растамасы пайдаланылмайды жəне
деректер қауіпсіздігінің қажеттілігіне байланысты шифрлау
пайдаланылуы немесе пайдаланылмауы мүмкін.
С общим ключом: Түпнұсқалық растамасы пайдаланылады.
Тиісті WEP кілті бар құрылғы желіге
қатынаса алады.
WPA Personal немесе WPA2 Personal: Басып шығару
серверінің түпнұсқалығын WPA Pre-Shared кілтінің көмегімен
растау үшін осы параметрді таңдаңыз. Ол ортақ құпия кілтті
пайдаланады (əдетте Pre Shared Key құпия сөзі деп аталады).
Ол кілт қатынас орнында жəне оның əр клиентінде қолмен
теңшеледі.
• Encryption: Шифрлауды таңдаңыз (Жоқ, WEP64, WEP128,
TKIP, AES, TKIP, AES).
• Пароль сети: Шифрлау желісі құпия сөзінің мəнін енгізіңіз.
• Подтверждение ключа сети
: Шифрлау желісі құпия сөзінің
мəнін растаңыз.
• Индекс ключа WEP: WEP шифрлауды пайдалансаңыз, тиісті
WEP Key Index пайдаланыңыз.
Қатынас орнында қауіпсіздік параметрі қосылғанда сымсыз желі
қауіпсіздік терезесі шығады.
Қатынас нүктесінің (немесе маршрутизатордың) Желі құпия сөзін
енгізіңіз.
13
Сымсыз желі параметрлері көрсетілген терезе шығады.
Параметрлерді тексеріңіз жəне Далее түймесін басыңыз.
•Wi-Fi Direct мүмкіндігі принтеріңіз бұл функцияны қолдаған
жағдайда ғана пайда болады.
• Samsung Easy Printer Manager пайдалану арқылы Wi-fi Direct
құрауды бастауға болады (121-беттегі "Wi-Fi Direct желісін
орнату" бөлімін қараңыз).
• Имя Wi-Fi Direct: Əдепкі Wi-Fi Direct атауы модель атауы болып
табылады жəне оның ең көп ұзындығы - 22 таңба.
• Настройка пароля – сандық жол, оның өлшемі – 8 ~ 64 таңба.
14
Настройка беспроводной сети завершена терезесі шығады.
Далее түймесін басыңыз.
15
Сымсыз желінің параметрлері аяқталғанда, компьютер мен
машинаның арасындағы USB кабельді ажыратыңыз. Далее
түймесін басыңыз.