Samsung Xpress SL-M202x Laser Printer series - User manual

Сымсыз желіні орнату
121
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
5
SyncThru™ Web Service терезесі ашылғанда Параметры сети
тармағын таңдаңыз.
6
Беспроводной > Другая тармағына өтіңіз.
Wi-Fi желісін қосуға/өшіруге болады.
11
Wi-Fi Direct протоколын ұшқыр басып шығару
үшін реттеу
Wi-Fi Direct – принтер мен ұшқыр құрылғы үшін орнату оңай тең рангілі
желіге қосылу əдісі. Ол қауіпсіз қосылымды жəне Ad Hoc режимінен
жақсырақ өткізу қабілетін қамтамасыз етеді.
Wi-Fi Direct арқылы сіз қатынасу нүктесіне қосылған кезде принтерді
бір уақытта Wi-Fi Direct желісіне қоса аласыз, сонымен қоса сіз сымды
желіні жəне Wi-Fi Direct желісін бір уақытта пайдалана аласыз,
осылайша бірнеше пайдаланушы Wi-Fi Direct жəне сымды желілерінен
құжаттарға қатынаса жəне басып шығара алады.
•Wi-Fi Direct желісін пайдаланып, ұшқыр құрылғы арқылы
интернетке қосыла алмайсыз.
Қолдау көрсетілетін протоколдар тізімі моделіңізден басқаша
болуы мүмкін, Wi-Fi Direct желілері IPv6 протоколын, желіні
сүзуді, IPSec, WINS жəне SLP қызметтерін қолдамайды.
Төрт ұшқыр құрылғыларға дейін Wi-Fi Direct желісіне бір уақытта
қосыла алады.
Wi-Fi Direct желісін орнату
Wi-Fi Direct мүмкіндігін келесі əдістердің бірімен қосуға болады.
USB кабельмен қосылған компьютерден
(ұсынылады)
Драйверді орнату аяқталғаннан кейін Samsung Easy Printer
Manager бағдарламасын орнатуға жəне Wi-Fi Direct мүмкіндігінде
өзгертулер жасауға болады.
Samsung Easy Printer Manager – Windows жəне Mac OS
пайдаланушылары үшін ғана қол жетімді.
- Бастау мəзірінде Бағдарламалар немесе Барлық
бағдарламаларда > Samsung Printers > Samsung Easy Printer
Manager > Параметры устройств > Сеть тармағына өтіңіз.
Вкл./Выкл. Wi-Fi Direct: Қосу үшін Включено параметрін
таңдаңыз.
Имя устройства: Принтерді сымсыз желіде іздеу үшін
принтер атын енгізіңіз. Əдепкі бойынша құрылғының аты
оның модель аты болады.