Samsung Xpress SL-M202x Laser Printer series - User manual
Сымсыз желіні орнату
124
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Егер басып шығару DHCP режимінде жұмыс істемесе, ақаулық IP
мекенжайының автоматты түрде ауыстырылуынан болуы мүмкін.
Құрылғының IP мекенжайы мен принтер портының IP мекенжайын
салыстырыңыз.
Салыстыру əдісі:
1 Принтеріңіздің желілік ақпарат есебін басып шығарып, IP
мекенжайын тексеріңіз (94-беттегі "Желі конфигурациясы есебін
басып шығару" бөлімін қараңыз).
2 Машинаңыз арқылы принтер портының IP мекенжайын
тексеріңіз.
a Windows Бастау мəзірін басыңыз.
• Windows 8 үшін,
Charms(Charms) бөлімінен Іздеу >
Параметрлер тармағын таңдаңыз.
b Windows XP/Server 2003 жүйесінде Принтер мен факстар
тармағын таңдаңыз.
• Windows Server 2008/Vista жүйесінде Басқару тақтасы >
Жабдық жəне дыбыс > Принтерлер тармағын таңдаңыз.
• Windows Server 2008 R2 жүйесінде Басқару тақтасы >
Жабдық > Құрылғылар мен принтерлер тармағын
таңдаңыз.
• Windows 7/ Windows 8 үшін Басқару тақтасы >
Құрылғылар мен принтерлер тармағын таңдаңыз.
c Құрылғыны тінтуірдің оң жақ түймесімен нұқыңыз.
d Windows XP/2003/2008/Vista жүйелерінде Сипаттар
пəрменін
таңдаңыз.
Windows 7/ Windows 8 немесе Windows Server 2008 R2 үшін
мəтінмəндік мəзірлерде Свойства принтера пəрменін
таңдаңыз.
Принтердің сипаттары элементінде ► белгісі болса,
таңдалған принтерге қосылған басқа принтер драйверлерін
таңдай аласыз.
e Порт түймесін басыңыз.
f Портты теңшеу... түймесін басыңыз.
g Принтердің атауы немесе IP мекенжайы: тармағын
тексеріңіз, егер: ол желі конфигурациясы парағындағы IP
мекенжайымен бірдей болса.
3 Принтердің IP
мекенжайы желілік ақпарат есебінде
көрсетілгеннен өзгешеленсе, оны ауыстырыңыз.
Порттың IP мекенжайын ауыстыру үшін бағдарламаны орнату
ықшам дискісін пайдаланғыңыз келсе, желілік принтерге
қосылыңыз. Осыдан кейін IP мекенжайын қайта қосыңыз.
- Тұрақты желі ортасы үшін
Компьютер тұрақты мекенжайға теңшелген болса, құрылғы
тұрақты мекенжайды пайдаланады.
Мысалы,
Егер компьютердің желілік ақпараты төменде көрсетілгендей
болса:
▪ IP мекенжай: 169.254.133.42
▪Ішкі желі бүркеніші: 255.255.0.0
Онда құрылғының желілік ақпараты төмендегідей болуы керек:
▪ IP мекенжай: 169.254.133.43
▪Ішкі желі бүркеніші: 255.255.0.0 (Компьютердің ішкі желі
бүркенішін пайдаланыңыз).
▪Шлюз: 169.254.133.1