Samsung Xpress SL-M202x Laser Printer series - User manual
128
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
NFC мүмкіндігін пайдалану
NFC (Near Field Communication) принтері ұялы телефоныңызды
принтеріңіздегі NFC белгісінің үстінде ұстап тұру арқылы ұялы
телефоныңыздан тікелей басып шығаруға/сканерлеуге мүмкіндік
береді. Ол үшін басып шығару драйверін орнату немесе қатынас
орнына қосылуды қажет етпейді. NFC қолдайтын ұялы телефон ғана
қажет. Бұл функцияны пайдалану үшін Samsung Mobile Print
қолданбасы ұялы телефоныңызға орнатылуы тиіс.
• Ұялы телефон қақпағының материалына байланысты, NFC
анықталуы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Пайдаланылған ұялы телефонға байланысты, тарату
жылдамдығы өзгешеленуі мүмкін.
17
Талаптар
•NFC жəне Wi-Fi Direct қосылған, Mobile Print қолданбасы
орнатылған, Android OS 4.0 немесе одан кейінгі нұсқадағы ұялы
телефон.
Android OS 4.1 немесе одан кейінгі нұсқа ғана NFC мүмкіндігін
қосқанда ұялы телефоныңызда Wi-Fi Direct мүмкіндігін автоматты
түрде қосады. NFC мүмкіндігін пайдалану үшін сізге ұялы
телефоныңызды Android OS 4.1 немесе одан кейінгі нұсқасына
жаңарту ұсынылады.
• Wi-Fi Direct функциясы қосылған принтер. Wi-Fi Direct функциясы
əдепкі түрде қосылған.
18
Басып шығару
1
Ұялы телефоныңызда NFC жəне Wi-Fi Direct функцияларының
жəне принтеріңізде Wi-Fi Direct функциясы қосулы екендігін
тексеріңіз (121-беттегі "Wi-Fi Direct желісін орнату" қараңыз).
2
Ұялы телефондағы NFC антеннасын (əдетте ұялы телефонның
артында орналасатын) принтердегі NFC белгісінің () үстінен
жалғаңыз.
Samsung Mobile Print бағдарламасы іске қосылмағанша бірнеше
секунд күтіңіз.