Samsung Xpress SL-M202x Laser Printer series - User manual
138
3. Арнайы мүмкіндіктер
Құрылғыны əдепкі құрылғы ретінде орнату
1
Windows Бастау мəзірін басыңыз.
• Windows 8 үшін, Charms(Charms) бөлімінен Іздеу >
Параметрлер тармағын таңдаңыз.
2
Windows XP/Server 2003 жүйесінде Принтер мен факстар
тармағын таңдаңыз.
• Windows Server 2008/Vista жүйесінде Басқару тақтасы >
Жабдық жəне дыбыс > Принтерлер тармағын таңдаңыз.
• Windows Server 2008 R2 жүйесінде Басқару тақтасы >
Жабдық > Құрылғылар мен принтерлер тармағын
таңдаңыз.
• Windows 7/ Windows 8 үшін Басқару тақтасы >
Құрылғылар мен принтерлер тармағын таңдаңыз.
3
Құрылғыны таңдаңыз.
4
Құрылғыны тінтуірдің оң жақ түймесімен нұқыңыз жəне Əдепкі
принтер ретінде орнату параметрін таңдаңыз.
Windows 7/ Windows 8 немесе Windows Server 2008 R2
жүйелерінде Əдепкі принтер ретінде орнату терезесінде ►
белгісі болса, таңдалған принтерге қосылған басқа принтер
драйверлерін таңдай аласыз.