Samsung Xpress SL-M202x Laser Printer series - User manual
148
3. Арнайы мүмкіндіктер
Linux жүйесінде басып шығару
Модельдерге немесе параметрлерге байланысты кейбір
функциялар қолжетімді емес болуы мүмкін. Бұл мүмкіндіктерге
қолдау көрсетілмейтінін білдіреді.
8
Бағдарламалардан басып шығару
Linux қолданбаларының көбі CUPS (Common UNIX Printing System)
жүйесі көмегімен басып шығаруға мүмкіндік береді. Осы
қолданбалардың кез келгені арқылы осы құрылғыдан басып шығаруға
болады.
1
Басып шығару керек құжатты ашыңыз.
2
File мəзірін ашып, Page Setup (кейбір бағдарламаларда Print
Setup) тармағына өтіңіз.
3
Қағаз өлшемін, бағдарын таңдаңыз жəне құрылғының
таңдалғанын тексеріңіз. Apply түймесін басыңыз.
4
File мəзірін ашыңыз жəне Print пəрменін таңдаңыз.
5
Басып шығару үшін құрылғыңызды таңдаңыз.
6
Көшірмелер санын таңдаңыз жəне басып шығару керек беттерді
көрсетіңіз.
7
Қажет болса, əр қойындыдағы басқа басып шығару опцияларын
өзгертіңіз.
8
Print түймесін басыңыз.
Модельдерге байланысты автоматты/қолмен екі жақты басып
шығару қол жетімді емес болуы мүмкін. Оның орнына lp немесе lpr
басып шығару жүйесін немесе тақ-жұп басып шығаруға арналған
басқа бағдарламаларды пайдалана аласыз.
9
Файлдарды басып шығару
CUPS стандартын пайдаланып тікелей пəрмен жолы интерфейсінен
машинада мəтін, бейне, pdf файлдарын басып шығара аласыз. CUPS
lp немесе lpr қызметтік бағдарламасы мұны істеуге мүмкіндік береді.
Бұл файлдарды төмендегі команда форматын пайдаланып басып
шығаруға болады.
"lp -d <принтер атауы> -o <опция> <файл атауы>"
Қосымша ақпаратты алу үшін lp немесе lpr негізгі бетін қараңыз.