Samsung Xpress SL-M202x Laser Printer series - User manual

Басып шығару сапасы мəселелері
180
5. Ақаулықтарды жою
Тік қайталама ақаулықтар Егер басып шығарылатын бетте дақтар біркелкі аралықтармен пайда болса:
Тонер картриджі зақымдалған болуы мүмкін. Мəселе əлі бар болса, тонер картриджін алыңыз да, жаңасын
орнатыңыз (47-беттегі "Тонер картриджін ауыстыру" бөлімін қараңыз).
Құрылғының бөліктерінде тонер болуы мүмкін. Егер ақаулықтар беттің артында болса, мəселе тағы бірнеше беттен
кейін өзі жойылуы
мүмкін.
Термофиксация жиыны зақымдалған болуы мүмкін. Қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.
Өңге шашылу Өңде шашылу басып шығарылатын бетте ретсіз таралған тонер бөлшектерінен пайда болады.
Қағаз тым ылғалды болуы мүмкін. Қағаздың басқа топтамасымен басып шығарып көріңіз. Қағаз тым көп ылғалды
қабылдамауы үшін қажет болмағанша қағаз бумаларын ашпаңыз.
Өңде шашылу конвертте болса, артқы
жағында қабаттасатын сызықтар бар аумақтарды басып шығаруды
болдырмау үшін басып шығару орналасуын өзгертіңіз. Сызықтарда басып шығару мəселелер тудыруы мүмкін.
Я болмаса Басып шығару теңшелімдері терезесінде Плотные конверты түрін таңдаңыз (39-беттегі "Басып
шығару теңшелімдерін ашу" бөлімін таңдаңыз).
Басып шығарылған беттің бүкіл бетінде өңдік қабаттасатын сызықтар болса, басып шығару ажыратымдылығын
бағдарламада немесе
Настройки печати (39-беттегі "Басып шығару теңшелімдерін ашу" бөлімін қараңыз) ішінде
лайықтаңыз. Дұрыс қағаз түрі таңдалғанын тексеріңіз. Мысалы: Егер Повыш. Плотности таңдалған болса, бірақ іс
жүзінде Обычная бумага пайдаланылса, шамадан тыс тонер беріліп, көшірменің сапасын нашарлатуы мүмкін.
Жаңа тонер картриджін пайдалансаңыз, алдымен тонерді таратыңыз (46-беттегі "Тонерді қайта тарату" бөлімін
қараңыз).
Күйі Ұсынылатын шешімдер
A