Samsung Xpress SL-M202x Laser Printer series - User manual
Негізгі артықшылықтар
Ортаға қауіпсіз
• Тонер мен қағазды үнемдеу үшін бұл құрылғы үнемдеу мүмкіндігін
қолдайды (154-беттегі "Easy Eco Driver" бөлімін қараңыз).
• Қағазды үнемдеу үшін қағаз парағында бірнеше бетті басып
шығаруға болады (139-беттегі "Кеңейтілген басып шығару
мүмкіндіктерін пайдалану" бөлімін қараңыз).
• Қағазды үнемдеу үшін қағаздың екі жағында да басып шығаруға
болады (қолмен екі жақты басып шығару) (139-беттегі "Кеңейтілген
басып
шығару мүмкіндіктерін пайдалану" бөлімін қараңыз).
• Электр қуатын үнемдеу үшін бұл машина пайдаланылып жатпаған
кезде қуатты тұтынуды айтарлықтай азайтып, электр қуатын
автоматты түрде үнемдейді.
• Энергияны сақтау үшін қалдықтардан жасалған қағазды
пайдалануды ұсынамыз.
Тамаша сапамен жəне жылдамдықпен басып
шығару
• 1200 x 1200 нүкте/дюйм өнімділігіне дейінгі ажыратымдылықпен
басып шығара аласыз.
• Жылдам, сұрау бойынша басып шығару.
- M202x series/M202xW series
▪Бір жақты басып шығару үшін 20 ppm (A4) немесе 21 ppm
(Letter).
- SL-M2024 series/SL-M2024W series
▪Бір жақты басып шығару үшін 18 ppm (A4) немесе 19 ppm
(Letter).