Samsung Xpress SL-M202x Laser Printer series - User manual

55
4. Ақаулықтарды жою
Қағаздың кептелуін болдырмау бойынша кеңестер
Дұрыс материал түрлерін таңдау арқылы қағаз кептелулерінің көпшілігін болдырмауға болады. Қағаз кептелістерін болдырмау үшін келесі
нұсқауларды орындаңыз:
Лайықталатын бағыттауыштар дұрыс орнатылғанын тексеріңіз (29-беттегі "Науаны шолу" бөлімін қараңыз).
Науаға шамадан тыс көп қағаз салмаңыз. Қағаз деңгейі науаның ішіндегі қағаз сыйымдылығы белгісінен төмен болуы керек.
Құрылғы басып шығарып жатқанда науадан қағазды
алмаңыз.
Қағазды салмастан бұрын бүгіп, желдетіп жəне туралап жіберіңіз.
Қыртысталған, дымқыл немесе қатты бұралған қағазды пайдаланбаңыз.
Науада қағаз түрлерін араластырмаңыз.
Тек ұсынылған баспа материалын пайдаланыңыз (65-беттегі "Баспа құралының сипаттамалары" бөлімін қараңыз).