Samsung Xpress SL-M202x Laser Printer series - User manual
Негізгі артықшылықтар
Ыңғайлылық
• Ұялы телефоныңызды принтердің NFC белгішесіне тигізіңіз де,
басып шығаруды орындаңыз (128-беттегі "NFC мүмкіндігін
пайдалану" қараңыз).
• Samsung Easy Printer Manager – құрылғының күйін бақылайтын
жəне хабарлайтын жəне құрылғының параметрлерін теңшеуге
мүмкіндік беретін бағдарлама (158-беттегі "Samsung Easy Printer
Manager бағдарламасын пайдалану" қараңыз).
• Служба обновлений бағдарламасы ең соңғы бағдарламалық
жасақтаманы тексеруге жəне принтер драйверін орнату
барысында ең соңғы нұсқаны орнатуға мүмкіндік береді. Windows
жүйесінің
пайдаланушыларына ғана қол жетімді.
• Егер Интернетке қатынасыңыз болса, Samsung веб-торабынан
анықтаманы, қосымша бағдарламаларды, құрылғы драйверлерін,
нұсқаулықтарды жəне тапсырыс беру туралы ақпаратты ала
аласыз, www.samsung.com > өнімді табыңыз > Қолдау немесе
Қотарулар.
Функциялардың жəне бағдраламалардың кең
ауқымына қолдау көрсету
• Əр түрлі қағаз өлшемдерін қолдайды (65-беттегі "Баспа құралының
сипаттамалары" бөлімін қараңыз).
• Су таңбасын басып шығару: Құжаттарыңызды «Құпиялы» сияқты
сөздермен теңшей аласыз (139-беттегі "Кеңейтілген басып шығару
мүмкіндіктерін пайдалану" қараңыз).
• Афишаларды басып шығару: Құжаттың əр бетіндегі мəтін мен
суреттер үлкейтіліп, бірнеше қағаз парағында басып шығарылады,
содан кейін оларды плакат етіп бірге
біріктіруге болады (139-
беттегі "Кеңейтілген басып шығару мүмкіндіктерін пайдалану"
бөлімін қараңыз).
• Əр түрлі амалдық жүйелерді басып шығара аласыз (68-беттегі
"Жүйелік талаптар" бөлімін қараңыз).
• Құрылғы USB интерфейспен жабдықталған.