Samsung Xpress SL-M202x Laser Printer series - User manual
Нормативтік ақпарат
81
5. Қосымша
21
Тек Израиль
Əр елде сымсыз құрылғыларды пайдалану шектеулері əр
түрлі. Жүйе сымсыз құрылғымен жабдықталған болғандықтан,
елдер арасында жүйемен бірге саяхаттағанда, кез келген
қозғалу немесе саяхат алдында мақсатты елде сымсыз
құрылғыны пайдалану шектеулері туралы жергілікті радио
құрылғыларды мақұлдау бойынша билік өкілдерінен сұраңыз.
Егер жүйе ішкі ендірілген сымсыз құрылғымен жабдықталған
болса, барлық қақпақтар жəне қалқандар
орнында болғанша
жəне жүйе толық жиналғанша сымсыз құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Сымсыз құрылғыларға пайдаланушы қызмет көрсете
алмайды. Оларды ешқалай өзгертпеңіз. Сымсыз құрылғыны
өзгерту оны пайдалану рұқсатын жоюы мүмкін. Қызмет
көрсетуі үшін дайындаушыға хабарласыңыз.
Тек құрылғы пайдаланылатын ел үшін мақұлданған
драйверлерді пайдаланыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін
жасап шығарушының жүйені қалпына келтіру жинағын
қараңыз
немесе дайындаушының техникалық қолдау көрсету
қызметіне хабарласыңыз.