Samsung Xpress SL-M202x Laser Printer series - User manual
93
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Пайдалы желілік бағдарламалар
Желі ортасында желілік параметрлерді оңай теңшеу үшін бірнеше
бағдарлама бар. Атап айтқанда, желі əкімшісі желіде бірнеше
құрылғыларды басқара алады.
• Төмендегі бағдарламаларды пайдаланудан бұрын IP
мекенжайын орнатыңыз.
• Модельге немесе елге байланысты кейбір мүмкіндіктер жəне
қосымшалар қол жетімді болмауы мүмкін (8-беттегі "Үлгілер
бойынша мүмкіндіктер" бөлімін қараңыз).
1
SyncThru™ Web Service
Желілік машинаға ендірілген веб-сервер келесі тапсырмаларды
орындауға мүмкіндік береді (96-беттегі "IPv6 мекенжай
конфигурациясы" бөлімін қараңыз):
• Шығын материалдары туралы ақпаратты жəне күйде тексеру.
• Құрылғы параметрлерін бейімдеу.
• Əр түрлі желілік орталарға қосылу үшін құрылғыға қажет желі
параметрлерін теңшеу.
2
SyncThru™ Web Admin Service
Желі əкімшілеріне арналған құрылғыны Интернет арқылы басқару
мүмкіндігі. SyncThru™ Web Admin Service желі құрылғыларын
басқарудың тиімді жолын ұсынады жəне интернет арқылы кез келген
сайт арқылы қашықтан басқаруға жəне ақауларды түзетуге мүмкіндік
береді.
• Бұл бағдарламаны http://solution.samsungprinter.com торабынан
жүктеп алыңыз.