Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide

Нормативтік ақпарат
137
5. Қосымша
Маңызды ескерту:
Негізгі сымдағы сымдар вилкада белгіленген түстерге сəйкес болмаса,
төмендегіні орындаңыз:
Жасыл жəне сары сымды «Е» əрпімен немесе қауіпсіздік «Жер
нышанымен» белгіленген немесе жасыл жəне сары немесе жасыл
істікке қосу керек.
Көк сымды «N» əрпімен белгіленген немесе қара түсті істікке қосу
керек.
Қоңыр сымды «L» əрпімен белгіленген немесе қызыл түсті істікке қосу
керек.
Ашада, адаптерде немесе бөлік таратқыш қалқанда 13 амперлік
сақтандырғыш болуы керек.
19
Сəйкестік декларациясы (еуропалық елдер)
Мақұлдаулар мен куəландырулар
1 қаңтар, 1995 жыл: Кеңес директивасы 2006/95/EC Мүше елдердің
төмен кернеулі құрылғыларға қатысты заңдарына сəйкестік.
1 қаңтар, 1996 жыл: Кеңес директивасы 2004/108/EC мүше елдердің
электромагниттік үйлесімділікке қатысты заңдарына сəйкестік.
9 наурыз, 1999 жыл: Радио құрылғылар жəне телекоммуникациялық
термин құрылғылары жəне олардың сəйкестігін өзара мойындау
туралы Кеңес директивасы 1999/5/EC. Қатысты директиваларды жəне
анықтамалық стандарттарды анықтайтын толық мəлімдемені Samsung
Electronics Co., Ltd. компаниясының өкілінен алуға болады.
Бұл құрылғыны жерге қосу керек.
Қуат сымындағы сымдардың келесідей түс коды бар:
Жасыл жəне сары: Жер
Көк: Бейтарап
Қоңыр: Кернеу астында
Осымен, Samsung Electronics компаниясы осы [ProXpress
M332xND, ProXpress M382xD, ProXpress M382xND, ProXpress
M402xND] Төмен кернеу директивасының (2006/95/EC), EMC
директивасының (2004/108/EC) негізгі талаптарына жəне
басқа ережелеріне сай екенін жариялайды..
Осымен, Samsung Electronics компаниясы осы [ ProXpress
M382xDW] 1999/5/EC R&TTE директивасының негізгі
талаптарына жəне басқа ережелеріне сай екенін жариялайды.
Сəйкестік туралы мəлімдемені www.samsung.com торабында
көруге болады. Қолдау > Қотару орталығы тармағына өтіп,
EuDoC шолу үшін принтердің (MFP) атын енгізіңіз.