Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide

Сымды желіні орнату
155
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
5
IP мекенжайды орнату
Желілік интерфейсті қолдамайтын құрылғыда бұл мүмкіндікті
пайдалану мүмкін болмайды (23-беттегі "Артқы көрінісі" бөлімін
қараңыз).
Бағдарлама TCP/IPv6 қолдамайды.
Алдымен желілік басып шығару мен басқару үшін IP мекенжайын
орнатуыңыз керек. Көп жағдайда жаңа IP мекенжайы желідегі DHCP
(Динамикалық хост конфигурация протоколы) серверіне автоматты
түрде тағайындалады.
SetIP бағдарламасын пайдаланып, IPv4
протоколды теңшеу (Windows)
SetIP бағдарламасын пайдалану алдында Басқару тақтасы > Центр
обеспечения безопасности > Windows желіаралық дидары
тармағында компьютердің брандмауэрын ажыратыңыз.
1
Samsung веб-торабынан бағдарламалық жасақтаманы жүктеп
алыңыз, содан кейін оны ашып, орнатыңыз: (http://
www.samsung.com > өнімді табыңыз > Қолдау немесе
жүктемелер тармағына өтіңіз).
2
Орнату терезесіндегі нұсқауларды орындаңыз.
3
Құрылғыны желіге желілік кабельмен қосыңыз.
4
Құрылғыны өшіріңіз.
5
Windows жүйесінің Бастау мəзірінен Барлық
бағдарламаларда > Samsung Printers > SetIP > SetIP
тармағын таңдаңыз.
6
SetIP терезесіндегі белгішесін нұқып, TCP/IP теңшеу
терезесін ашыңыз.
7
Теңшеу терезесіне машинаның жаңа ақпаратын енгізіңіз.
Қауымдық интражеліде жалғастыру алдында бұл ақпаратты
желілік менеддежр тағайындауы керек болуы мүмкін.
Желі теңшелімі туралы есепте машинаның MAC мекенжайын
табыңыз (154-беттегі "Желі конфигурациясы есебін басып шығару"
бөлімін қараңыз) жəне оны қос нүктелерсіз енгізіңіз. Мысалы,
00:15:99:29:51:A8 мекенжайы 0015992951A8 түріне айналады.
8
Применить түймесін, содан кейін OK түймесін басыңыз.
Құрылғы автоматты түрде Желілік теңшелім туралы есепті
басып шығарады. Барлық параметрлер дұрыс екенін растаңыз.