Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide
Сымды желіні орнату
156
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
SetIP пайдаланып IPv4 протоколды теңшеу
(Mac)
SetIP бағдарламасын пайдалану алдында System Preferences >
Security > Firewall тармағында компьютердің брандмауэрын
ажыратыңыз.
Мына нұсқаулар модельге байланысты əр түрлі болуы мүмкін.
1
Құрылғыны желіге желілік кабельмен қосыңыз.
2
Қос берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін CD-
ROM дискжетекке енгізіңіз.
3
Mac жұмыс үстелінде шығатын CD-ROM белгішесін екі рет
басыңыз.
• Mac OS X 10.8 үшін Finder экранында пайда болатын CD-
ROM екі рет нұқыңыз.
4
MAC_Installer қалтасы > Installer OS X белгішесін екі рет
нұқыңыз.
5
Continue түймесін басыңыз.
6
Лицензиялық келісім-шартты оқыңыз жəне Continue түймесін
басыңыз.
7
Лицензиялық келісім-шартпен келісу үшін Agree түймесін
басыңыз.
8
Install түймесін басыңыз. Құрылғы жұмысына қажетті барлық
құрылғылар орнатылады.
Егер Customize пəрменін таңдасаңыз, орнату үшін жеке
құрамдастарды таңдай аласыз.
9
Құпиясөзді енгізіңіз жəне OK түймесін басыңыз.
10
Компьютерде барлық бағдарламалар жабылатыны туралы
ескертетін хабар шыққанда, Continue пəрменін таңдаңыз.
11
Printer Connection Type экранындағы Network Connected
Printer (Wired or Wireless) тармағын таңдаңыз да, Set IP
Address түймесін басыңыз.
12
SetIP терезесіндегі белгішесін нұқып, TCP/IP теңшеу
терезесін ашыңыз.
13
Теңшеу терезесіне машинаның жаңа ақпаратын енгізіңіз.
Қауымдық интражеліде жалғастыру алдында бұл ақпаратты
желілік менеддежр тағайындауы керек болуы мүмкін.