Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide

Желі арқылы драйверді орнату
160
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Егер драйверді берілген бағдарламалық жасақтама ықшам
дискісін пайдалану арқылы орнатсаңыз, V4 драйвері
орнатылмайды. Егер сіз V4 драйверін Жұмыс үстелі экранында
пайдаланғыңыз келсе, Samsung веб-торабынан жүктеуіңізге
болады, www.samsung.com > өнімді табыңыз > Қолдау немесе
жүктемелер тармағына өтіңіз.
Егер Samsung принтерінің басқару құралдарын орнатқыңыз
келсе, оларды берілген бағдарламалық жасақтама ықшам
дискісін пайдаланып орнатуыңыз қажет.
1
Құрылғының желіге қосылғанын жəне қуат көзіне қосылғанына
көз жеткізіңіз. Сонымен бірге, машинаның IP мекенжайын
орнату керек (155-беттегі "IP мекенжайды орнату" бөлімін
қараңыз).
2
Charms(Charms) бөлімінен, Параметрлер > ДК
параметрлерін өзгерту > Құрылғы тармағын таңдаңыз.
3
Құрылғы қосу түймесін басыңыз.
Табылған құрылғылар экранға шығады.
4
Пайдаланғыңыз келген модель атын немесе хост атауын
басыңыз.
Машинаның басқару тақтасынан машинаның ағымдағы хост
атауын көрсететін "Желі теңшелімі туралы есепті" басып шығара
аласыз (191-беттегі "Желі конфигурациясы есебін басып шығару"
бөлімін қараңыз).
5
Драйвер Windows Update торабынан автоматты түрде
орнатылады.
Тыныш орнату режимі
Тыныш орнату режиміешбір пайдаланушы араласуын қажет
етпейтін орнату əдісі. Орнатуды бастағанда, құрылғы драйвері мен
бағдарламалық құрал компьютерге автоматты түрде орнатылады.
Тыныш орнатуды пəрмен терезесінде /s немесе /S енгізіп бастауға
болады.
Пəрмен жолының параметрлері
Келесі кестеде пəрмен терезесінде пайдалануға болатын пəрмендер
көрсетілген.
Келесі пəрмен жолы пəрмен /s немесе /S. таңбаларымен бірге
пайдаланғанда тиімді жəне іске қосылады. Бірақ /h, /H or /? тек
басқаруға болатын ерекше пəрмендер.