Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide

Желі арқылы драйверді орнату
167
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Принтер драйверлері бумасын жою
Жүйеде орнатылған принтерді жою үшін қызметтік бағдарламаны
пайдалану керек.
a Терминалда «uninstallprinter» пəрменін орындаңыз.
Uninstall Printer Wizard шебері ашылады.
Орнатылған принтерлер ашылмалы тізімде көрсетіледі.
b Жою керек принтерді таңдаңыз.
c Принтерді жүйеден жою үшін Delete пəрменін таңдаңыз.
d Бүкіл буманы жою үшін «. /install –d» пəрменін орындаңыз.
e Жою нəтижелерін тексеру үшін «. /install –c» пəрменін
орындаңыз.
Оны қайта орнату үшін екілік файлдарды қайта орнату үшін «. /install
–iпəрменін пайдаланыңыз..
Принтерді орнату
UNIX жүйесіне принтерді қосу үшін пəрмен жолынан «installprinter»
пəрменін орындаңыз. Add Printer Wizard терезесі шығады. Кeлесі іс
рəсімдерді орындап, осы терезеде принтерді теңшеңіз:
1
Принтердің атауын енгізіңіз.
2
Модельдер тізімінде тиісті принтер моделін таңдаңыз.
3
Type өрісіне принтер түріне сəйкес кез келген сипаттаманы
енгізіңіз. Бұл міндетті емес.
4
Description өрісінде кез келген принтер сипаттамасын
көрсетіңіз. Бұл міндетті емес.
5
Location өрісінде принтердің орнын көрсетіңіз.
6
Желіге қосылған принтерлер үшін Device мəтін ұясында
принтердің IP мекенжайын немесе DNS атауын енгізіңіз.
jetdirect Queue type бар IBM AIX жүйесінде тек DNS атауына
рұқсат етілген, сандық IP мекенжайға тыйым салынған.
7
Queue type қосылымды сəйкес тізімді жолақта lpd немесе
jetdirect ретінде көрсетіледі. Бұған қоса, Sun Solaris OS
жүйесінде usb түрі бар.
8
Көшірмелердің санын орнату үшін Copies пəрменін таңдаңыз.
9
Сұрыпталған көшірмелерді алу үшін Collate параметріне
құсбелгі қойыңыз.
10
Көшірмелерді кері ретпен алу үшін Reverse Order параметріне
құсбелгі қойыңыз.
11
Принтерді əдепкі ретінде орнату үшін Make Default параметріне
құсбелгі қойыңыз.
12
Принтерді қосу үшін OK түймесін басыңыз.